astana-view

Qamqor – кәсіпкердің жедел көмекшісі

2017 жылғы 22 Қараша
- Алматы қаласы
6333 просмотров

Аумақтық органдардың жедел қызметі үшін орын алған заң бұзушылық туралы хабарлама тез жетеді

ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитеті кәсіпкерлерге көмек ретінде Qamqor мобилді қосымшасын жасады.

Qamqor қосымшасын тіркегеннен кейін маңызды 2 қызмет атқарылады:

1. Егер тіркелген тексеруге келсе, қандай да бір мемлекеттік органның (СЭҚ, өрт сөндіру, салық тексеру қызметі және т.б.) заңдылығы мен нақтылығын тексеруге болады;

2. Тіркелген (жоспарланған) тексеру туралы алдын ала хабардар болу. Компанияның мекенжайына жоспарланған тексеру туралы 1-2 күн бұрын бекітілген датасы көрсетілген «Сізге тексеру келеді» деген Push-хабарлама жолданады.

Қосымшамен орын алған заң бұзушылықтар туралы хабарлама жолдауға болады. Кәсіпкерлер тексергенге дейін де, тексеру барысында да орын алған жағдай туралы хабарлай алады. Сонымен қатар жиі қойылатын сауалдар мен дайын жауаптар топтамасы да әзірленген.

Қосымшаны  iOS пен Android бағдарламалары арқылы жүктеуге болады.

Егер кәсіпкерге тексеру келген жағдайда тексеруші орган бекітілген актіні көрсетуге міндетті. Сіз актінің 14 санды нөмірін енгізіп, қажетті ақпаратты ала аласыз. Атап айтқанда етксеруші орган, тексеруге бекітілген қызметкердің аты-жөні, сонымен қатар тексерудің типі, мәні мен мерзімі жайында мәлімет беріледі.

Егер басқа бір тексеруші келсе, не болмаса актіде көрсетілген тексеру мерзімі өтіп кеткен болса, онда сол тексеру заңсыз деп есептеледі. Мұндай жағдайда кәсіпкерлер шағымдануға құқылы. Шығамды Комитеттің аумақтық органы қарастырады. Расталған жағдайда, жедел топ жіберіледі де жағдайдың мән-жайы анықталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер