astana-view

Болат Палымбетов: 600-ден астам кәсіпкер экономикалық қызметке қайта оралды

2017 жылғы 23 Қараша
5216 просмотров

Бизнесті қорғау жөніндегі І Форумның міндеттері орындалды

Бүгін «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратураның қадағалауы» атты ІІ форум барысында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов еліміздегі бизнестің ахуалына қатысты пікір білдірді.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық заңнаманы гуманизациялау жұмыстарын күшейтуді тапсырған. Өткен жылдан бастап біз осы бағыттағы жұмысты күшейттік. Болмашы экономикалық қылмыс үшін сотталған бизнесмендерді босату біздің басты мақсатымыз болды. 2016 жылдың соңында рақымшылық жасалды. 600-ден астам бизнесмен босатылып, экономикалық қызметіне қайтарылды», ­- деді Болат Палымбетов.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі ресми уәкіл  прокуратураның органдарымен бірлесіп жасаған жұмыстарды ерекше атап өтті. 2016 жылы өткізілген алғашқы форумның нәтижесінде экономикалық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық істер саны 80%-ға азайған. Бұрын 7 863 іс болса, Форумнан кейін бұл көрсеткіш 1 393-ке түскен.

«Бас прокуратурамен бірлескен жұмыстың нәтижесі – Қылмыстық кодекстен «Жалған кәсіпкерлік туралы» 215-баптың алынып тасталғаны. Бас прокуратураға бизнестің жүйелі проблемаларын шешуге белсене көмектескені үшін алғыс білдіргім келеді», - деді спикер.

Ресми уәкілдің хабарлауынша 2016 жылы шілдеде І Форумда бекітілген бизнесті қорғау бойынша «Жол картасында»  жоспарланған 140 іс-шараның 118-і орындалған, 22-сі жұмыс үстінде. Қазіргі уақытта бекітілген жұмыс жалғасып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер