astana-view

Абылай Мырзахметов мемлекеттік қолдаудан алыстау керектігін түсіндірді

2017 жылғы 24 Қараша
4351 просмотров

Мемлекеттің экономикадағы үлесін азайта отырып, кәсіпкерлік сектордың бәсекелік қабілетін арттыруға болады

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасын «Atameken Business Channel» телеарнасында Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын талқылауға арналған ашық әңгіме барысында кәсіпкерлік секторының бәсекелігін арттыру мәселесіне қатысты пікір білдірді. Құжаттың негізгі ережелерін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Слейменов түсіндірді. Ашық әңгімеге отандық сарапшылар да қатысты.

Стратегиялық жоспарға енгізілген жүйелі реформалардың бірі ­– «Бәсекелестік және бәсекеге қабілетті бизнес».

«Соңғы жылдары бизнес мемлекеттік қолдау шараларына тәуелді болып қалғаны жасырын емес. Қай өңірге барсақ та, бизнес бәсекелестікті дамыту туралы емес, «Бизнестің жол картасы» және тағы басқа да бағдарламалар туралы айтады. Бұл жағдай түбегейлі өзгеруі тиіс. Егер біз экономикада шағын және орта бизнестің үлесін арттыру міндетін қойсақ, қойылған сын-тегеурінді қабылдағанда орындалады. Үкімет өзінен бастағысы келетіні – осы реформалардың негізгі жетістігі. Шешуші сәт ­– мемлекет экономикадағы өз үлесін азайтатын болады. Бизнес ереженің өзгеріп жатқанын, бәсекеге жұмыс істеу керектігін түсінеді», - деді Абылай Мырзахметов.

Абылай Мырзахметов маңызды реформаның бірі «жаңа адами капиталды» құру» және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту туралы ой қозғады.

«Біз талдау жүргізіп, елімізде мектептердің 30% ғана жеке меншікте екенін анықтадық. Егер денсаулық сақтау мен білім беру саласына жеке капитал салынатын болса, бизнестің мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке қатысуы үшін қажетсіз талаптар мен кедергілер алынып тасталса, бұл қойылған міндетті орындауға айтарлықтай серпін бермек. Бұл мәселеде ұсынылған реформалардың барлығы кешенді түрде жүргізіліп отырғаны аса маңызды», - деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Бизнес пен мемлекеттің өзара байланысы Стратегияның бағытын техникалық жаңару мен цифрланндыруға түбегейлі өзгертеді деп есептейді «Атамекеннің» Басқарма Төрағасы.

Ол бизнес үшін мемлекеттік қызметті алу механизмі жеңілдеп, мерзімі қысқартылып, кәсіпкер мен шенеуніктің байланысы азаятындығына сенімді.

«Бюрократия жойылып, бұл мемлекеттік органдар үшін жаңа кезең болады, олар қажетсіз құрылымды қысқартуға мәжбүр болады. Себебі бизнесмендер барлық сервисті мобильді қосымша арқылы ала алады», ­- деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

2025 Стратегиялық жоспар Ұлт жоспары мен 2050 стратегиясы құралдарының бірі. Оған жүйелі 7 реформа кіреді: «Жаңа адами капитал», «Технологиялық жаңару мен цифрландыру», «Бәсекелестік және бәсекеге қабілетті бизнес», «Құқықтық мемлекет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Қуатты өңірлер мен урбандалу», «Қоғамдық сананың жаңғыруы», «Мемлекеттік секторы өзгеріс көшбасшысы ретінде».

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тимур Сүлейменов жаңа жоспардың басты мақсаты – ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға жетекшілік ететін экономиканың сапалы да тұрақты дамуына қол жеткізу. Алға қойылған міндетке жету үдерісінің өлшемі экономикалық даму мен халықтың өмір сүру сапасын  өлшеуге мүмкіндік беретін арнайы жасалған негізгі ұлттық индикатор болады.

«Бізде  – Үкімет, азаматтық альянс пен «Атамекен» ҚР ҰКП арасында ортақ құжат екенін түсіндіретін ерекше келісімшарт болады. Егер оны бизнес қабылдамаса, оны қоғам қабылдамаса, онда біз енгізген бастамалар жүзеге аспайды», - деп атап өтті Тимур Сүлейменов.

Талқылаудың телевизиялық нұсқасын «Atameken Business Channel» арнасынан 27 қарашада сағат 22:15-те көруге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер