astana-view

Рустам Жүрсінов: «Үкіметпен үйлесімді жұмыстың нәтижесі бар»

2017 жылғы 29 Қараша
6792 просмотров

«Атамекен» ҰКП жұмысында мемлекеттік функцияларды бәсекелік орта мен өзін-өзі реттеуге беру бағыты да маңызды

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының кеңейтілген отырысында Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов бизнес-орта үшін заңнаманы жетілдіру, бақылау-қадағалау функцияларын реформалау, әһқылмыстық және әкімішілік заңнаманы гуманизациялау бағытында атқарылған жұмыстың нәтижесімен таныстырды.

Басқарма мүшесі Рустам Жүрсінов жұмыстағы басым бағыттың бірі нормативті актілерді жобаларына талдау жасау екенін атап өтті. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылғаннан бастап 18000 нормативті құқықтық актіге, оның ішінде 500-ден астам заң жобасына ревизия жасалған.

«Негізгі жетістіктің бірі – біз ескерту беру режимінінен нормативті құқықтық актілерді жобаларын бірлесіп жасауға қол жеткіздік. Осының арқасында бизнестің ескерілген ұсыныстарының пайызы айтарлықтай өсті, 2015 жылы 30% болса, биыл 75%-ға жетті. Тұжырымдамалық мәселелердің көп бөлігі Үкіметте шешіледі», – деді Рустам Жүрсінов.

Спикер «Атамекен» мен Ұлттық экономика министрлігінің түбегейлі ұсынымымен 2016-2017 жылдары мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қатаң реттеу бойынша ұсыныстарын 90%-ға дейін тоқтатылғанын атап өтті. Осылайша 193 бастама сүзгіден өтпеген. Ведомствоаралық комиссия 2016 ұсыныстың 23-ін ғана мақұлдаған.

«Жиі қайталанатын мәселелерді жинақтап, Ұлттық палатаның сайтында жариялаймыз. Ұлттық палата құрылғалы бері 571 мәселе анықталып, оның ішінде 363 мәселе, яғни 64% шешімін тапты. 59 мәселе шешілу үстінде, әзірге 150 мәселе шешімін таппады. «Атамекеннің» IV Съезінде бизнес үшін аса маңызды болған 24 мәселені шеше алдық, сонымен қатар 101 мәселе бойынша мемлекеттік органдар жұмыс атқаруда», – деді Рустам Жүрсінов.

Рустам Жүрсінов Үкімет өкілдерінің өңірлерді аралап, мәселелрді шешуде оң әсер еткенін атап өтті. Басқарма Төрағасының орынбасары «Атамекеннің» Үкіметпен бірлесіп жаңа Салық кодексін дайындау бойынша атқарылған жұмысын ерекше атап өтті. Бизнес қоғамдастық жаңа кодексті дайындауға басынан бастап қатыстырылды.

«Салық кодексі аясында бизнес ұсынған бастамалар қолдау тапты. Әлеуметтік салық мөлшері 11%-дан 8,5%-ға дейін азайтылды, ҚҚС бойынга қоланыстағы шектік сақталды – 30 000 АЕК. Заңнаманың адалдық пен тұрақтылық қағидасы енгізілді. Шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қайта қаралды, сондай-ақ тәуекелді басқару жүйесінің жекелеген критерийлері ашық. Жоспардан тыс тексеруді бекітудің негіздері қысқартылды», – деді Басқарма Төрағасының орынбасары.

Спикер биыл «Атамекен» ұлттық Кеден кодексін дайындауға белсене қатысқанына назар аударып, Үкіметпен үйлесімді жұмыстың нәтижесінде Кодексте 350-ден астам сілтемелі норма ашылды.

«Кеден кодексін әзірлеу барысында бизнес 500-ден астам түсету енгізді, оның 60% қолдау тапты. Атап айтқанда тауарды шығару мерзімі 4 сағатға дейін, шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімі 5 3 жылға дейін қысқартылды. Шағымдарды қараған кезде барлық түсініксіз және нақты емес жайттар кәсіпкерлердің пайдасына қарай түсіндірілетін болады. Қойма иелері, кеден тасымалдаушылары мен сыртқы экономикалық қызметтің басқа да қатысушыларының жұмысына қойылатын артық талаптар алынып тасталды», – деп түсіндірді Рустам Жүрсінов.

Басқарма Төрағасының айтуынша Кодекске енгізілмеген, алайда бизнес үшін маңызды тұжырымдамалық ұсыныстар бар. Мысалы Кеден органдарының тәуекелді басқару жүйесінің  жабықтығы, СЭҚ қатысушыларына кеден бағасы туралы ақпарат алу ашық болуы, камералық бақылауда қайта тексеруді алып тастау, кеден ісі саласында бизнеске әкімшілік және қылмыстық ықпал етуді гуманизациялау, декларациялау, бақылау, есепке алу мен тексеруді толықтай автоматтандыру мәселелері өзекті.

«Ұлттық палата міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағытында да жұмыс атқарды. Ең алдымен медициналық сақтандыруды енгізу мәселесінде бизнес алаңдаған мәселелерге Үкімет назар аударып, қолдау білдірді. Салық салу мәселесі бойынша заң жобасы аясында түзетулер қолдау тапты. МӘМС енгізу мерзімін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін ауыстыру, 2018 жылдан бастап әлеуметтік салықтың пайыздық мөлшерлемесі 1,5%-ға қысқарту, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жеке тұлғалар үшін жарна мөлшерін 2020 жылы 5%-дан 1%-ға, 2021 жылы 2%-ға дейін азайту қарастырылды», – деп хабарлады Рустам Жүрсінов.

«Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі Үкіметпен бірлесіп атқарылған жұмыстың нәтижесінде 800 рұқсаттың азайтылғанына назар аударды. Бұған дейін 1115 рұқсат болса, бүгінде оның саны – 316. Бұл бизнестің жыл сайын 1,5 млрд теңгеден астам соманы үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Барлық рұқсат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңда реттелді. Бұл заңға енгізілмеген рұқсаттар заңсыз деп саналады. Мұнымен қоса біз Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп квазимемлекеттік сектор мен монополистерге рұқсатты тексеру керек деген шешім шығарылды. Олар да бірңғай құқықтық нормановтік актімен реттеліп, ережеге сай жасалады», – деп хабарлады спикер.

Рустам Жүрсінов баяндағандай, биыл Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Ұлттық палата ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп бизнесті қайта реттеу бойынша ауқымды жұмыс атқарылған. Нәтижесінде ішінара тексеру алынып тасталады, оның бір бөлігін профилактикалық бақылау алмастырады. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың бақылау функциялары 30%-ға (544 фунцияның 165-ін қысқарту ұсынылды), талаптар саны 56%-ға азаяды, яғни 30 540 талап 13 386-ға дейін қысқарады.

«Статистикаға сүйенсек, кей органдарда бақылау ауыртпалығы әлі де жоғары. Қағаз жүзінде мемлекеттік бақылаудың барлық жүйесі тәуекелді басқару жүйесіне ыңғайластырылған. Тәуекелді басқару жүйесі қалай қалыптасқан, жұмысы дұрыс па деген сауалдарға көбі жауап бере алмайды. Сондықтан мемлекеттік органдарға тәуекелді басқару жүйесін қолдануға талдау жасау тапсырмасын беруді сұраймыз. Ең алдымен санитарлық экпидемологиялық қызмет, өрт сөндіру, салық, кеден, экология мен жер бақылауы секілді түйткілді салаларды алы керек. Бұл талдау ең алдымен тәуекелді басқару жүйесін қолданғанда мемлекеттік бақылаушы органдар жіберетін қателіктерді анықтайды. Екіншіден ТБЖ индикаторларын түзеп, тәуекел деңгейі жоғарыға жатқызылған субъектілер саны қысқартуға, үшіншіден бақылау тиімсіз салаларды анықтауға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Рустам Жүрсінов.

«Атамекен» ҰКП жұмысында мемлекеттік функцияларды бәсекелік орта мен өзін-өзі реттеуге беру бағыты да маңызды.

«Ауқымды тексеру жұмысының нәтижесінде 15000 функцияға талдау жасалды. Оның ішінде 4614 функция орталық атқарушы органдарға тиесілі. Бүгінде мемлекеттік 16 функциясын өзін-өзі реттеу саласын беру жоспарларған. Бұл бақалау, экологиялық аудит пен заңдық көмек. Заң жобалары Мәжілістің қарауында. Сонымен қатар келесі жылы 44 функцияны беру жоспарланған», – деді Басқарма Төрағасының орынбасары.

Спикер баяндама барысында әкімшілік заңнаманы гуманизациялауда Әділет министрлігіне алғыс білдірді.

«Бірлесіп атқарылған жұмыстың нәтижесінде заң жобасына бизнес үшін бірқатар жаңалықтар енгізілді. Маңызы шамалы заң бұзушылықта жауапкершіліктен босату институтын қайтару, 157 құрам бойынша әкімшілік айыппұлды 30%-ға дейін азайту, Кодекстің 300-ден астам құрамы бойынша айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін беру, бұрынғы 14 баптың орнына енді 52 бап бойынша ескерту беру институтын кеңейту секілді толықтырулар орын алған», – деді Рустам Жүрсінов.

Дегенмен әкімшілік жауапкершілікке тартылған кәсіпкерлер саны жыл сайын 30%-ға өсіп отыр. Мысалы 2015 жылдың 9 айында әкімшілік жауапкершілікке 186 мың кәсіпкер тартылса, 2016 жылдың 9 айында 240 мыңға дейін артқан, ал 2017 жылдың 9 айы ішінде жауапқа тартылған кәсіпкерлер саны 300 мыңға жеткен.

«Ары қарай қай бағытта қозғалуымыз керек? Алдымен кодексте азаматтық-құқықтық бағытқа немесе айыптыларды тәртіптік жолмен жазалауға ауыстыратын 23 бап бар. Екіншіден 44 құрамда нақты құқық бұзушылық тзімі жоқ, жай ғана ережеге сілтейді. Оның үстіне сол ережелердің өзінде «таза» формалдыдан бастап аса қатаң емес 30-дан астам түрлі талап бар және оның барлығында тәркілеуде гейінгі бір санкция қайталанады. Үшіншіден, тәркілеу институтын қолдану ауқымды, 69 құрамда бар, көбіне тексерушінің субъективті бағалауына негізделгенді де қайта қарау керек», – деп ұсыныс берді Рустам Жүрсінов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер