«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Меню
Қаз

Кәсіпкерлер сот отырыстарына кез келген облыстан немесе ауданнан қатыса алады

05 Желтоқсан 2017 - Қызылорда облысы
258 просмотров

Экономикалық сот судьялары кәсіпкерлерді ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға шақырды

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьяларымен өткен брифингінде айтылды.  

Шарада судья Медетбек Сарсенов сот процесі кезінде егер кәсіпкер жұмыс барысымен өзі тұратын аймақта болмаған жағдайда сот отырыстарына сапарлап жүрген аудан немесе қала, облыстағы сот залына барып, бейнебайланыс арқылы қатыса алатындығын жеткізді. Ол үшін кәсіпкер өзі тұратын аумақтағы ісін қараушы судьяға алдын ала өтініш жазуы қажет екен.

Мұнан өзге брифинг барысында Медетбек Сарсенов сот жүйесінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлерді ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға шақырды. Судья сот органдарының ресми интернет-ресурстарында «Сот кабинеті» ақпараттық қызметі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібімен таныстырып өтті.

Ал судья Зәуре Жарылқасынова сот процесінде «Медиация туралы» Заңды қолданудың маңыздылығы мен тиімділігі туралы айтып берді.

Айта кету керек, бүгінде Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері медиация тәртібімен кәсіпкерлердің арасында мәселелерді шешуде. Мәселен, жыл басынан бері Палата заңгерлерінің «Қызылордажылуэлектрорталығы» ШЖК МКК-мен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде кәсіпкерлердің 5 млн.теңгеден астам қаржысын сотқа жеткізбей төлете алған болатын.

Жалпы есепті кезеңде Палатаға заңгерлік көмек сұраған кәсіпкерлерден 300  өтініш түсті. Оның 126-сы бойынша кеңес берілсе, 94-і оң шешілді. Сотқа дейін жеткен 56 арыз бойынша Палата заңгерлері кәсіпкерлердің құқығын қорғап, оның 85 пайызы оң шешімін тапты. Нәтижесінде кәсіпкерлердің 300 млн.теңгеден астам қаржысы өздерінде қалды.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Ұқсас жаңалықтар:

Серіктестер