astana-view

Ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді қосымша құн салығынан босатуды ұсынды

2017 жылғы 26 Желтоқсан
- Ақмола облысы
5015 просмотров

Жаңа салық кодексінің жобасын қарау аясында Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының құқықтық бөлім сарапшылары қолданылуы әкімшілік кедергі тудыратын нормативтік құқықтық актіге өзгерту енгізуді ұсынды.

«Қазақстан АгроИнновациялық Корпорация» ЖШС Кәсіпкерлер палатасына ауыл шаруашылығы машинасын жасайтын кәсіпорындардың импортқа және айналымын ҚҚС төлеуден босату мүмкіндігі барма деген өтініммен жүгінген. Бұған 2012 жылдың 1 қаңтарынан дейін бос қойманың болуы критерий ретінде алынған. «Қазақстан АгроИнновациялық Корпорация» бос қойманы 2016 жылдың маусым айында тіркеген.

Елімізде ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында өндірістік қызметті екі кәсіпорын ғана жүзеге асырып отыр, олардың бос қоймасы 2012 жылға дейін тіркелген. Тиісінше, қолдау шаралары тек екі кәсіпорынға көрсетіледі, бұл нарықты монополиялауға әкеледі. Мұнымен қоса, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 394- бабында басымдыққа ие кәсіпорындар соңғы өнімді ҚҚС-сіз өткізу қарастырылған, бұл лизингтік компаниялармен, оның ішінде «ҚазАқроҚаржы» АҚ-мен жұмыс істегенде сыни сәт болады. Яғни, кәсіпорын таяу уақытта банкротқа ұшырауы мүмкін», - дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Валентина Геращенко.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің өзгертілген жобасындағы 399-бапқа Кәсіпкерлер палатасының сарапшылар «заңды тұлға инвестициялар жөнінлегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт аясында бос қойманың кеден процедурасына енгізілген көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы импорттық шикізат және (немесе) материалдарын» ҚҚС-тен босатуды ұсынды.

Мәлім болғандай, ҚР Парламенті Сенатында депутаттар 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін және одан кейінде бос қойма иелері ретінде тіркелген ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді ҚҚС-тен босатуды қайта қарауды ұсынған.

Соңғы түзетулер жаңа Салық кодексіне енгізілді.

«Атамекен» ҚР ҰКП құрылғалы бері 18 мың нормативті-құқықтық актілерге талдау жасалды, оның ішінде кәсіпкерлік мүддесіне қатысты 500 заң жобасы бар. Нәтижесінде, бизнестің ескерілген ұсыныстары 2015 жылғы 30%-дан бүгінде 75%-ға дейін артты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер