astana-view

Жеке бизнеске қаражатты қалай жинау қажет?

2017 жылғы 31 Желтоқсан
- Алматы қаласы
5446 просмотров

Алматының іскер әйелдер кеңесі өз ісін бастағысы келетіндерге тегін шеберлік класын өткізді

«Әйелдердің қаржылай тәуелсіздігі» шеберлік класы болашақ кәсіпкерліктен айналысатын әйелдер үшін алғашқы оқыту курсы. Жеке қаржы саланың мамандары алматылық әйелдерді отбасылық бюджетті қалайша тиімді жұмсау керектігін, мұқтажсыз кәрілік кезең және дұрыс инвестиция жасау, баларға жақсы білім беруді үйретті.

Алғашқы кездесуді қаржылай сауаттылық мектебінің негізін салушысы мен басшысы Айгүл Әбдрайымова өткізді.

«Жұмыс жасап жатқанымен, ақша артылып қалмайды. Адамдар қаржылай қиындықтарды қаржылық біліктіліктіліктерінің жоқтығынан көреді. Адамдарда білім жоқ, мақсат жоқ, басымдылық жасау бағдары жоқ. Біз 8 сағат жұмыс жасап, 24 сағатты босқа өткіземіз. Коммуналдық төлемдер түнде де жүріп жатады, балаларымыз да түнгі уақытта да өседі. Бұқараның көпшілігі не себепті несиеден бас көтере алмайды? Себебі бізге әрдайым қолдану моделін зорлап міндеттейді. Айналаның барлығы сән-салтанатты дәріптейді. Несиенің қолжетімділігі қарыздарды ұлғайтады. Табыс тұрақты болмағанымен, шығын тұрақты. Сол себепті адам өзін өзі тоқтатпаса, борыш шұңқырының түбінде қалайша түскенін байқамай қалуы мүмкін», – деді Айгүл Әбдрайымова.

Бизнес-жаттықтырушы тренинг қатысушыларына Саидмурода Давлатовтың қаражат жинақтай формуласын ұсынды. Айгүл Әбдрайымова жеке ісіңді ашу үшін ай сайынғы табысыңды 100% негіз ретінде алуды ұсынады. Формула бойынша 10% банк шотына салу, 10% сауыққа жұмсау керек. Қалған сомманы қайта 100% негіз ретінде алу қажет. Осы қаражаттан 45% ағымдағы шығындарға, тамақ, киім, коммуналдық төлемдер сынды қажеттіліктерге жұмсалуы тиіс. Ал 55% өзіңнің жеке кәсібің үшін, яғни арманыңа жинау керек.

Айгүл Әбдрайымова аталған қаржы үлестіру формуласы сарапшылармен тексеріліп, мыңдаған адамдарға қаржылай тәуелсіз болуға көмек көрсеткіндігін айтты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер