astana-view

Жер қойнауын пайдаланушыға сатып алулардағы шарттарға байланысты 170 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді

2018 жылғы 03 Қаңтар
6379 просмотров

ҚР Энергетика министрлігі инвесторға сатып алулардағы шарттарға байланысты 170 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді

ҚР Энергетика министрлігінің іс-әрекетіне «Кристалл менеджмент» АҚ компаниясының шағымына байланысты істі ҚР Жоғарғы сот қарастырды.

«Кристалл менеджмент» АҚ көмірсу шикізатын барлаудағы жер қойнауын пайдаланушы инвестор болып табылып, 2014 жылы келісілген аймақта сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу үшін электрондық сатып алу жүргізген болатын. Компанияның сайысқа қатысу үшін тапсыратын құжаттар арасында ықтимал жеткізушінің қызметкерлері м мен 3 басшының жұмыс тәжірибесі 10 жылдан төмен болмау тиістігіне байланысты шарттар болды.  Бұл жағдайды ҚР Энергетика министрлігі мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы жер қойнауын пайдалануда тауарды, жұмысты не қызметті алу барысындағы ережелердің бұзылуы деп таныды. Нәтижесінде инвестор көрсеткен шығын келісімге сәйкес қаржылай шарттарды орындау ретінде ескерілетін шығындар тізімінен алынап тасталды.

Энергетика министрлігі АҚ-ға келісімнің шарттары орындалмағандықтан жасалған қызмет соммасының 30%-ы, яғни 170 млн теңге,нақтылай айтқанда 171  102 900 теңге айыппұл төлеу қажеттігі жайында хабарландыру жіберді.

Компания инвесторға салынған айыппұлды жою мен мемлекеттік органның іс-әрекетін заңсыз деп тануда «Атамекенге» көмекке жүгінді.

«Айтылған шарттар ықтимал жеткізушіге қосымша біліктілік шарты емес, жасалатын жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін функционалдық, техникалық және сапалық мінездеме болып табылад», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП сарапшысы Айсұлу Ахметова.

Аппеляциялық сот шешімі барысында жер қойнауын пайдаланушы мен «Атамекеннің» дәлелдері ескеріліп, хабарландыру жойылды. Инвестордың құқығы қорғалып, қаулы заңды күшіне енді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер