astana-view

Қаулының мерзімі өтті: Украинадан тауарлар қалай тасымалданады?

2018 жылғы 04 Қаңтар
6412 просмотров

РФ Президентінің Қаулысына сәйкес Ресей жері арқылы Украинадан Қазақстан мен Қырғызстанға тасымалданатын транзиттік жүктер Беларусь жерінен әкелінуі тиіс

«Атамекен» ҚР ҰКП 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап  www.rbc.ru, www.kremlin.ru, garant.ru ресейлік БАҚ ақпаратына сәйкес Ресей Федерациясының Президентінің Ресей жері арқылы Украинадан Қазақстан мен Қырғызстанға тасымалданатын транзиттік жүктер Беларусь жерінен әкелінуі туралы Қаулысының мерзімі өткендігін хабарлайды.  

Мүмкін кедергілер алдын алу мен уақытылы ақпаратты жеткізу мақсатында «Атамекен» атынан РФ Федеральдық кеден қызметі мен РФ Экономикалық даму министрлігіне 2018 жылдың 1 қаңтарынан Президенттің қаулысының мерзімі өтуіне байланысты Ресей территориясы арқылы Украинаның санкцияланылған тауарларын тасымалдау қалай жүзеге асатыны жайында ресми сауал жіберілді.

Алайда, бүгінгі күні Ресейлік уәкілетті органдар мәселеге байланысты жауап бермеді. РФ Президентінің Қаулысын 2018 жылы ұзартуға байланысты да ақпарат жоқ.

Ұлттық палата күнделікті аталған мәселеге байланысты бақылау жүргізіп, ақпараттың түсуіне байланысты отандық бизнес өкілдеріне хабарламаны жеткізіп отырады.

Сонымен қатар, мүмкін қауіп-қатерді ескере, кедергілерді жою үшін Ресей Федерациясының территориясы арқылы транзиттік тасымалдау шарттары мен ережелері толық анықталған уақытқа дейін жүк тасымалдауда балама жолдарды қолдануға кеңес береміз.

Шектеуге тап болған жағдайда «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне хабарласуды өтінеміз: 8 (7172) 919 373, e-mail: a.doschshiyeva@atameken.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер