astana-view

18+: Отандық өнімге тағы бір таңбалау талабы қойылады

2018 жылғы 05 Қаңтар
30920 просмотров

Өнімнің жас шектелімін кім анықтайды?

4 қаңтарда ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптау тобының мүшелері мемлекеттік органдармен бірлесіп жеке тұлғаларға ақақпараттық өнім талдауын жүргізуге куәлік беру аккредитациясын енгізу мәселесін талқылады.

Аталған мәселе Мәжіліс депутаттары бастаған ««Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» және «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларынан туындайды. Заң жобасымен танысуға болады.

Кәсіпкерлік кодекстің талабына сәйкес жаңа реттеу құралын енгізу реттеушілік әсеріне талдау жүргізуді талап етеді, осыған орай Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Сараптау тобының қарауына реттеушілік әсеріне талдау жүргізуді шығарды.

Жеке тұлғаларды олардың ақпараттық өнімге талдау жүргізуіне куәлік беру үшін аккредиттеуді енгізудің пайдалылық мәселесі осы талдау мақсатына айналды.

Заң жобасына сәйкес балаларға берілетін ақпаратты реттеу мақсатында ақпарат таратушы ақпараттық өнімге міндетті түрде жас ерекшелігін (ары қарай таңбалау) көрсетеді. Былайша айтқанда, Қазақстан Республикасында ақпараттық өнімнің жас ерекшелігі белгісі салынбай ақпараттық өнім таратылмайды.

Бастапқыда бұл таңбалауды өндірушілердің өздері жүргізеді дген еді, себебі дәл солар өз өнімдері қандай жасқа арналғанын жақсы біледі әрі түсінеді.

Енді мемлекеттік органдар кәсіпкерлер есебінен қандайда бір бағалау (талдау) жүргізетін сарапшылар тобын құруды ұсынып отыр. Заң жобасына сәйкес ақпараттық өнімге БАҚ-тың барлық өнімі, сондай-ақ адамдардың шектеусіз тобына арналған қандай да бір аудио-визуальды және (немесе) баспа өнімі жататыны маңызды. Осылайша, өндіруші-кәсіпкерлер шығаратын және импорттайтын барлық өнім сарапшылардың талдауынан өтуі керек, оның үстіне ереже әлі дайындалмаған әрі сарапшылар да белгісіз.

Мұндай жаңалыққа «Атамекен» сарапшылары мен жалпы кәсіпкерлердің қоятын сауалдары бар.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жас шектеліміне қарай таңбалау қажет те шығар, мұны халықаралық тәжірибе де растайды, алайда, бұл процесс түсінікті де нақты ережелермен, сол өнімді өндіретін және импорттайтын субъектілердің өз күштерімен барынша ашық жүргізілуі керек.

«Тиісінше, ережесі мен критерилерін бизнеспен ашық талқылауға дейін таңбалауды енгізу ерте деп септеймін. Ал талдау енгізу мен сарапшыларды аккредиттеу тіпті қолайсыз. Бұл жаңашылдықтың бәрі, сөзсіз, бизнеске қосымша қаржылай ауыртпалық түседі, оның үстіне мемлекеттік орган  реттеушілік әсерін талдау талап ететіндей ақша бөлген жоқ», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры–Заңнама және өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры, Кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптау тобының мүшесі Айжан Бижанова.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бей-жай қарамайтын кәсіпкерлер мен қауымдастықтардан осы мәселеге көңіл бөліп, өз ұсыныстарын беруін сұрайын.

Барлық сауалдар мен ұсыныстарды a.mergenbayev@atameken.kz почтасына жолдау керек немесе 8 (7172) 919 327 телефонына хабарласыңыздар.

Сонымен қатар «Атамекен» жауапты мемлекеттік органның таңбалауға жататын ақпараттық өнімнің толық тізіміне қатысты нақты түсініктеме беруін сұрайды. Сондай-ақ тиісті Ереже жобасын ашық жариялауды ұсынады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер