astana-view

«Атамекенде» қонақ үй иелерінің мәселелері талқыланды

2018 жылғы 16 Қаңтар
5080 просмотров

12  қаңтар «Атамекен» ҚР ҰКП видеоконференция арқылы қонақ үй саласының мәселелері бойынша отырыс ұйымдастырылды. Отырысқа «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева төралқалық етіп, қонақ үй өкілдері, туристтік қауымдастық және уәкілетті орган өкілдері қатысты (ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі).

«Осы жылды қонақ үй саласының мәселелерінен бастауды жөн көрдік. Бастысы аталған салада бар мәселелерді түсініп, шешу жолдарын іздеу қалды», – деді Юлия Якупбаева отырысты бастар сөзінде.

Бірінші кезекте қонақ үй саласының өкілдерін алаңдататын мәселелер талқыға салынды.

Хостел жетекшілері хостел қызметі ешқандай нормативтік құқықтық актімен ережеленбейтіндігімен қатар тіпті заңда «хостел» түсінігі жоқтығынан бірқатар мәселелер тізімі бар екендігін айтты.

«Қазіргі таңда көптеген кәсіпкерлер бос жатқан тұрғын орындарын сұранысқа ие хостелға айналдыру жағдайлары жиі кездеседі. Алайда, қолданыстағы заңға сәйкес оны жүзеге асыру мүмкін бе және қызметі қалай және қандай ережелерге сәйкес жүзеге асатыны белгісіз», – деді Солтүстік Қазақстан облысы қонақ үй иелерінің қауымдастық өкілі Сайран Хамзин.

Бизнесті қызықтыратын екінші кезектегі мәселе – қонақ үй құрылысы, курорттық аймақтарда демалыс базалары үшін жер ресурстарының қолжетімсіздігі әрі жер және су кодекстеріндегі кедергілер болып табылады.

Сонымен қатар, маңызды мәселелердің бірі визалық-миграциялық порталдың жұмыс жасау деңгейінің төмендігі әсерінен жұмыстағы кідірістер шетел азаматтарын тіркеу қызметін сапалы және уақытылы көрсетуге мүмкіндік бермеуі. Жақын уақытта заңнамалық өзгерістер болатынын ескеретін болсақ, шетел азаматтарын тіркеу бойынша жауапкершіліктің барлығы қонақтарды қабыл алатын тарапқа жүктелетін болады (шақырған турфирма, компания немесе қонақ үй).

«Қазіргі таңда қабыл алатын тарап басты назарда ұстауды негіз екенімен, кейбір жеңілдіктер қарастырылады. Биылғы жылдың шілде айынан шетелдіктердің барлығы ҚР шекарасын өте салып автоматты түрде тіркелетін болады. Алайда, қабыл алатын тарап мекенетуші жайында ішкі істер органына хабарлауы тиіс. Ол үшін сәйкесінше хабарламаны толтырып, Көші-қон қызметі кеңсесіне тапсыру қажет», – деді ҚР Ішкі істер министрлігінің  Көші-қон қызметінің өкілі.

«Kazakh Tourism» ҰК АҚ тарапынан айтылған туристтерден «bed tax» жинау ұсынысы белсенді талқыланды. Аталған мәселе бірнеше жыл көлемінде талқыланғанымен қонақ үй өкілдері тарапынан қолдау таппауда.

«Бұл әлемдік тәжірибеден алынған жүйе. Салық не туристтердің мойнына ілінетін ауыртпалық емес. Қаржылай жинаулар арқасында үлкен көлемдегі соммаларды шоғырландыру арқылы өңірде туристтік жағдай жасап, туристтер ағымын көбейту негізгі мақсат болып табылады. Мәселен, Берлинде жалға берілетін көптеген тұрғын үй болғандықтан бұл саланы заңдастырып, үй иелері тұрғындардан «bed tax» өндіреді», – деді «Kazakh Tourism» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев.

Туроператорлық компания өкілдері қонақ үй мен туроператорлар арасындағы өзара тиімді серіктестік қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын айтты.

«Серіктестік қатынастар орнатылу қажеттілігі сөзсіз. Қазіргі таңда іскери туризм бойынша келген адам 1 күн болып, бірден қайтуға тырысады. Бизнестің басты міндеті – туристті 2-3 күнге қалуына жағдай жасап, қызықтыру. Осы арада туроператорлар мен қонақ үй арасындағы бірлескен жұмыс қажет», – деді Юлия Якупбаева.

Отырыс соңында қонақ үй иелері мен өкілдеріне «Электр энергетикасы мен энергияны үнемдеу институты» АҚ бағдарламасы таныстырылды.

Отырыс нәтижесінде визалық-миграциялық портал арқылы шетелдіктерді тіркеу мәселесі бойынша Үкіметке хат жолдап, осы саладағы барлық даулы мәселелерді жинастырып, ҚР Ішкі істер министрлігіне түсініктеме беру үшін жөнелту шешілді.

Сонымен қатар, «bed tax», қонақ үй қызмекерлерін оқыту, туроператорлар мен қонақ үйлердің серіктестігі, қонақ үйлерге санат беру мәселелері бойынша жиындар бөлек өткізілетін болып шешілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер