astana-view

Қостанай кәсіпорындары «Атамекеннің» көмегімен маман тапшылығы мәселесін шешеді

2018 жылғы 18 Қаңтар
- Қостанай облысы
5208 просмотров

Компаниялар Ұлттық палата ұсынысын пайдаланды: маман дайындау үшін кәсіпорындар базасында оқу орталықтарын құру

Солардың бірі «СарыарқаАвтоПром» автокөлік зауытында ашылған. Қысқа мерзімді кәсіби курсты аяқтаған алғашқы түлектер біліктілігін иеленді. Оқыту курсын аяқтағаны туралы сертификат 42 адамға берілді. Енді олар байналыс дәнекері машинасының дәнекерлеушісі, сырлаушы, механиканы жинақтаушы жұмыстарына орналаса алады.  

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС Мамандарды оқыту және дамыту орталығының басшысы Людмила Олкинянның айтуынша, қазіргі автоөнеркәсіпке білікті мамандар қажет және Ұлттық палатаның маман дайындау мәселесі дер кезінде көтерілді.

«Зауытта маман дайындау алыс және таяу шетелден ірі автокөлік жасау компанияларының мамандарын шақырту арқылы кәсіпорынның базасында жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар мамандарды шетелде оқыту, оқы орталықтарымен байланыс орнатудың түрлі форматтары да қолданылады. Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 2017 жылдың қазан айынан бастап біздің компания Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіби дайындау және мамандарды қайта дайындау жобасының алаңына айналды. Оқу жоспарлары дайындалып, бекітілді, өзімізде зауыттың өнеркәсіп орнында маңызды технологиялық орынды алуға дайын білікті дайындау мүмкіндігі бар. Бұл жобаға Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік орган мен бизнес арасындағы байланыс орнатушы ретінде ерекше үлес қосты, олардың қолдауынсыз бұл жобаны бастау қиын болар еді», - деді Л.Олкинян.

Облыстық палатаның мамандарды дайындау ұсынысына әзірге кәсіпорын жанынан құрылған екі оқу орталығы жауап қатты: «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен «Қостанай минералдары» АҚ. Екінші кәсіпорын өздері үшін ғана емес, басқа да мекемелер үшін маман дайындайды.

«Лисаковск мен Жетіқара қалаларында жеке меншік үш оқу орталығы бар. Олар Ұлттық палата жанындағы Оқу орталықтары реестрі кіргізу жұмысымен айналысып отырмыз. Бұл қысқа мерзімді оқыту бойынша маман дайындау процесіне қатысуға қажет. Одан кейін облыстық комиссия маман дайындау тапсырмасын кімге бөлу керектігін қарастырады. Алдын ала кәсіпорындарға қандай маман қажет екендігі сұралады. Сараптамадан кейін квота бөлініп, тиісті оқу орталығын іздейді», - деп атап өтті Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Манарбек Қазин.

Компания жанынан құрылған Оқу орталықтарының басты артықшылығы – білікті маманды таңдау. Оқыту процесінде жұмыс беруші білім алушылардың арасынан іріктеп, еңбек қатынастарын орнатады. Қысқа мерзімді курстар 3 ай жүреді, теориялық және тәжірибелік сабақтардан тұрады. Оқу бағдарламасын кәсіпорынның жұмысшылары береді.

Бұл курстан білім бар және жоғары білімі жоқ азаматтар да өте алады. Оқу барысында арнайы стипендия алады, алыстан келгендердің жолақысы төленіп, жатын орын да беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер