«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Меню
Қаз

Алматы меткептерінде жаңа пән сыналуда

12 Ақпан 2018 - Алматы қаласы
180 просмотров

Білгенге маржан

 Алматы қаласы №159 мектебінің 10-сынып оқушылары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  ҚР Білім және ғылым министрілігімен бірлесіп дайындаған жаңа «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» оқулығын тестілеуден өткізіп жатыр.

Алматы қаласы №159 мектеп мұғалімі Жанат Байбалақова аталған пәнге деген оқушылардың жоғары ынтасын атап өтті.

«Бірінші сабақта біз оқушыларға таныстыру жұмыстарын өткізсек, бүгінде жас кәсіпкерлер сабаққа жақсы дайындықпен, кәсіпкерлікке деген жаңа көзқараспен, өздерінің иедяларымен келген. Бұдан бөлек жоғары сынып оқушылары кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық формаларын тануға, шағын және орта бизнесті мемлдекеттік қолдау түрлерін ажыратуға мүмкіндік алды», – деді Жанат Байбалақова.

 Өз белсенділіктермен оқушылар өзгелерді таң қалдырды. Барлығы дерлік интерактивке қатысып, өздерінің бизнестегі біліктіліктерін көрсетті. Олардың сабақтары тәжірибелі кәсіпкерлермен өткен кездесуге ұқсады, өйткені олардың капиталды сақтау, активтерді сақтау, бизнесті бастаудағы ойлары дұрыс. 

 Мұғалімдер оқушылардың сынамалы пінге деген зор ықылсын көріп, қанып отыр.

Айта кетелік, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» элективті курсы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамасымен ҚР Білім және ғылым минитсрлігі қолдауымен әзірленген. Жаңа пән мектеп бағдарламасына 2018-2019 оқу жылында енгізіледі. Курс 68 сағаттық оқытуды қамтиды. Пилоттық жобада пәнді экономика мұғалімі жүргізіп отыр. Биыл көктемде 3 мың мұғалім дайындықтан өтеді деп жоспарлануда. 

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер