«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Бизнесмендерге Lamoda.kz арқылы сату ұсынылды

14 Ақпан 2018
1476 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында отандық тауар өндірушілермен бірлескен жиын өтті. Өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен байланыс орнатылып, Lamoda.kz электронды сауда алаңында өнім сату мәселесі талқыланды.

Компания өкілдері электронды сауда алаңының жұмыс тәртібін таныстырып, отандық тауар өндірушілерге және олардың өнімдеріне қойылатын талаптар жайында ақпарат берді.

«Біріншіден электронды сауда алаңында сатылатын тауардың бағасы офлайн дүкендігінен қымбат болмауы тиіс. Екіншіден, саудагер өзінің сауда маркасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сай тіркеуі керек. Үшіншіден, бір күнтізбелік айда тауарға ең көп дегенде 3 рет ескерту алуы керек», – деп түсіндірді электронды сауда алаңының жетекшісі Евгения Лазарева.

Lamoda компаниясы – Қазақстан аумағында жұмыс істейтін ірі электронды сауда алаңдарының бірі. Бүгінде ол 4 елде, атап айтқанда Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украинада жұмыс істейді. 200 миллионнан астам адамды қамтиды. Lamoda.kz сайтына күн сайын 30 мың адам ашады, оның шамамен 10% Қазақстаннан.

Бұған дейін хабарлағандай, онлайн сататын кәсіпкерлер корпоративті және жеке табыс салығын төлеуде жүз пайыз жеңілдікті пайдалана алады. Ұл норма Салық кодексінде қарастырылған. Кәсіпкер электорнды сауда субъектісі ретінде қолма қол ақшасын төлем жүргізудің электронды келісімшартын жасап, курьерлік қызметі немесе курьерлік компаниямен тиісті келісімшарты болуы керек.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер