astana-view

Қостанайлық компания заңсыз тексерілген

2018 жылғы 14 Ақпан
- Қостанай облысы
4450 просмотров

«Надежда-С» фирмасы шенеуніктің жоспардан тыс жүргізген тексеруі заңсыз екенін дәлелдеді

 «Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылыс нысандардарын салудағы сапаға техникалық қадағалау  жүргізетін компанияны кезекті рет тексеруді көздеген

 «Тапсырыс берушілердің шағымы компанияны тексеруге негіз болған, уәж бойынша компания сылтаулар ойлап тауып, нысандарды қолданысқа беруге кедергі жасап, қорытындыларды ескертпелермен береді-мыс. Аталған жағдайда Қамысты ауданы Арқа ауылындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Мердігер жобалық-сметалық құжаттарда қателік жіберіп, жұмысты олқылықтармен орындаған. Атап айтқанда, ғимарт ішіндегі жылыту қазандықтардағы құбырларды байлау сызбасы, кәріз құбыры жолы өзгертілген, құбырлардағы дәнекерлеу шала жасалып, су тамшылап тұр. Сонымен қатар қазандықтан жылу түйініне дейін қызу қысымы төмендеп кеткен, салдарынан оқушылар оқитын сыныптардағы ауа температурасының түсіп кету қаупі болған. Жөндеу жұмыстары кезеңінде мен аудаедық білім беру бөлімшесі атынан Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы 19 нұсқама және 3 хат жолдап, онда орын алған олқылықтарды жазған болатынмын», – деді фирма жетекшісі Владимир Семенов.

Осыған қарамастан Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы «Надежда-С» ЖШС құрылыс нысандардағы ақауларды қалай анықтайтынын және қандай тәсіл қолданатынын тексеру үшін фирмаға келеді. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы анықтағандай фирма тексеру жүргізу тәртәбә бойынша көп қателіктерге бой алдырған. Мәселен, фирма тексеру туралы актті бермеген, тексеру жұмыстары компания өкілдерінсіз жүргізілген және т.б. Яғни компания өз адалдығын дәлелдей алмаған.  

 Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау бойынша уәкілдігі аппаратының Қостанай секторының өкілі қатысуымен кәсіпкер сотта шенеуніктің әрекетіне шағым түсірді. Сот қарауы нәтижесі бойынша тексеру нәтижесі бойынша акт пәрменсіз деп танылды, сонымен қатар сот процесіне кеткен шығындардың барлығын мемлекеттік орган өтейтін болады.

 Сондай-ақ, сот компания және оның сарапшыларына жасалған әкімшілік жазалауды құқық бұзушылық құрамның жоқ болуына байланысты алып тастады.

 Айта кету керек, бұл жағдай кәсіпкер және   Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы арасындағы және осы құрылыс нысаны бойынша бірінші дау емес. Осыған дейін бизнесмен Қостанай секторы бойынша омбудсмен аппаратына жүгінген болатын. Сот шешімі бойынша жүргізілген тексерулер заңсыз деп танылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер