«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Қызылордадағы қап шығаратын зауыт туралы білесіз бе?

14 Наурыз 2018 - Қызылорда облысы
408 просмотров

Қызылордада кәсіптің көзін тауып, халық тұтынатын тауар дайындап жатқан зауыт бар. Қалдықсыз өнім өндіретін өндіріс ошағы күніне 35-40 мың дана қап тоқиды

 Отандық өнімнің әлеуетін арттырғысы келетін кәсіп иелерінің басты мақсаты сырттан келетін тауарларды ығыстырып, өнімнің қолданыс аясын кеңейту.

 «Полимер Продукт» ЖШС-і басшылары бұл бизнесті қолға алмас бұрын нарықты зерттеп барып, іске кіріскен. Бизнестің қыр-сырын зерттеген кәсіп иесі ғана сол кәсібінің нәсібін көре алады.

 «Полимер Продукттың» иелері де тың кәсіптің көзін тапқан жандар. 2016 жылы іске қосылған зауыттың негізгі қызметі халық тұтынатын тауарларды әзірлеу. Оның ішінде полипропиленнен әзірленген қаптарды тоқу. Бүгінде қап шығаратын зауыт өніміне сұраныс жоғары.

 «Зауыттың негізгі мақсаты полипропиленнен жасалған қаптарды шығару. Қазіргі таңда еліміздің нарығында полипропиленнен жасалған қапқа сұраныс бір айға 80 млн.дана. Осы сұраныстың 40 пайызын еліміздегі зауыттар қамтып отыр, қалған 60 пайызын шекаралас елдерден алдыртуда. Алғаш ашылғанда бірінші қабатта ғана жұмыс жасайтынбыз, қазір ғимараттың екінші қабатын да іске қосып жатырмыз. Қосымша құрылғылар алдыртудамыз. Жақын арада толықтай жұмыс жасайтын болады», - дейді зауыттың өндірістік директоры Жалғас Тұяқбайұлы.

Зауыт иелері сырттан келетін тауарларды барынша ысырып, отандық өнімдердің қолданыс аясын кеңейте түсуді жоспарлауда. Полимер шикізатынан жасалатын полипропилендік қапты даяулау 5 сатыдан тұрады.

Алдымен полимер шикізатынан жіп иіріледі. Дайын жіптен қап тоқылады. Одан әрі қапты өлшеміне қарай кесу,тігу, тапсырыс берушінің логотипімен басып шығару жұмыстары жүргізіледі. Барлық жұмыс тапсырыс берушінің қалауы бойынша жасалады. Зауытта түрлі-түсті логотипті басып-шығару цехы да іске қосылған. Одан бөлек бұл жерде қаптың ішіне целофан қосып тігетін цех жұмыс жасайды. Күніне 35-40 мың дана қап әзірлейтін зауыт бірнеше ірі компаниялармен келісім шарт жасасқан. Қап тігетін зауыт тәулігіне 2 ауысымда тоқтаусыз жұмыс жасайды. 70-ке жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Зауыт басшылығының алдағы жоспары екінші қабатты түгелдей іске қосып, кәсібінің ауқымын кеңейту.  

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Ұқсас жаңалықтар:

Тексерістер тоқтатылды
20 Мамыр
2016
Жамбыл облысы
Кредит алуға арналған 10 қадам (СҚО)
20 Желтоқсан
2015
Солтүстік Қазақстан облысы
Ауылшаруашылық өнімін өндірушілер, бірігіңдер!
14 Наурыз
2016
Батыс Қазақстан облысы

Серіктестер