astana-view

Тимур Құлыбаев Қазақстан–Германия Іскерлік кеңесінің тең төрағасы атанды

2018 жылғы 03 Сәуір
3787 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП басшысы Тимур Құлыбаев Қазақстан–Германия Іскерлік кеңесінің құрамына енді және оның тең төрағасы атанды. Ал тең төрағаның орынбасары қызметін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Төрағасы Айдар Әріпханов атқарады. Бұл туралы Қазақстан–Германия Іскерлік кеңесінің Қазақстан тарапынан ұйымдастырылған отырысында хабарланды.

Еске салсақ, Қазақстан–Германия Іскерлік кеңесінің құрамына Қазақстан тарапынан «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Қазақстандағы «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігі» қоғамдық қоры және Қазақстанның сыртқы сауда палатасы кіреді. Кеңес құрамына таяу уақытта салалық қауымдастықтар мен Қазақстан–Германия бірлескен кәсіпорындарын енгізе отырып кеңейту жоспарланған.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан–Германия Іскерлік кеңесінің 2018 жылғы жұмысының негізгі жоспары анықталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер