astana-view

Тимур Құлыбаев: «Атамекен» жүргізіп отырған ЖОО рейтингі білім берудің өзектілігін арттырады

2018 жылғы 13 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
6278 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы оқу бағдарламалардың заманауи нарық сұранысына сәйкестігін тексеруде

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев СҚО Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі отырысында айтты.

 «Қазіргі таңда «Атамекен» оқу орындары рейтингін жүргізіп жатыр. Біз оқу бағдарламаларының өзектілігі, түлектерге мамандығы бойынша жұмысқа тұруға қаншалықты ықпал ететінін тексерудеміз. Рейтинг нәтижесі оқу орнын таңдап жатқан телапкерлерге де, түлектерді қабылдап жатқан жұмыс берушілерге де бағдар болады. Оқу бағдарламаларының маңыздылығы – адам капиталы дамуының кепілі», – деді Тимур Құлыбаев.

Соңғы екі жылда дуальды білім беру үдерісіне қамтылған Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпорындарының саны екі есе ұлғайды. Жыл сайын колледждердің  40-қа жуық инженерлік-педагогикалық жұмысшысы өз білігін өндірісте шыңдайды.

Жиын барысында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиев Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік университеті базасында бизнес-инкубатор ашуды ұсынды. Оның мақсаты бастауыш кәсіпкерлерге серпінді бизнес-модельдерді табуға көмектесу, сонымен қатар бірегей идеядан бастап, коммерциализацияға дейін стартап-жобаларын жан-жақты қолдау. Палата дирекиясы әкімдіктен осы бастаманы қолдауды сұрады.

Кездесуде  ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерді біріктіру қажеттілігі туралы ақпарат айтылды. Агроөнеркәсіп кешені саласында шоғырлану және тиімді өндіріс жүргізу өнміді өткізу мәселесін шешіп, шаруашылық кірісін арттырып, лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді.

«Осы күндері біз барған барлық өңірлердегі кәсіпкерлерде кішігірім шаруашылықтарды біріктіру бизнеске қолайлы екені жайында түсінік бары байқалды», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Ресей Федерациясымен көршілес жатқан Солтүстік Қазақстан облысының басымдыққа ие бағыты – туризм саласы. Экономиканың бұл бағытты дамытуға негізделген жұмысы шағын және орта бизнестің өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады.

 «Әр облыста Өңірдің даму картасы қарастырылған, оған әкімдік Ұлттық палата ұсынған экономикалық даму бойынша қосымшаларды енгізе алады. Мәселен, туризмді дамыту бойынша. Өңірлеріңіз шекара жанында, ресейлік үш өңірмен шектеседі, Астана да жақын орналасқан.  Жаңа нысандарда, инфрақұрылымдарда, мамандарды дайындау бойынша шараларда, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі қажеттіліктерді нақты жазып, ілеспелі сервис құру керек.  Осылайша әлеуетті қонақтарға өңірдің туристік тартымды мүмкіндіктерін ұсынуға болады», – деді Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер