«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Әкім қабылдауында

16 Сәуір 2018 - Батыс Қазақстан облысы
1022 просмотров

Бір жыл бойы БҚО Кәсіпкерлер палатасының алаңында облыс әкімі Алтай Күлгінов бизнесмендер мен кәсіп бастағысы келетін жандарды қабылдайды. Осы жолы әкім қабылдауына 9 адам жазылды.

Зачаганск ауылы тұрғыны Махат Шүкіров құс өсірумен айналысады. Енді кәсіпкер бизнесін кеңейтпек. Ол үшін қосымша жер учаскісі және 2-3 млн теңге қаржы керек.

«Бұл бизнес жобаны қолдау қажет. Мемлекет басшысының  «5 әлеуметтік бастамасында» белгіленген тапсырмасына сәйкес шағын несиелеуге екі есе қаржы бөлініп отыр. Басым бағыттардың бірі – құс шаруашылығы. Идея жақсы. «Даму» қорының мамандары қандай шарттарда 6%-дық несие берілетінін түсіндіру керек. Содан соң кәсіпкер нақты шешімдер жасайды», – деді БҚО әкімі Алтай Күлгінов.

Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша сәуір айының соңында байқау өтіп, онда 10 жер учаскісі қойылады. Жер учаскісінің бірі Зачаганск ауылында орналасқан. Круглоозерное аулындағы жерді де қарастыруға болады. Облыс басшысы барлық мүмкіндікті қарастырып, мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.

 Кәсіпкер Андрей Типцов жер учаскісін алғанда, оның қызыл сызықта жатқанын білмеген еді. Қазір құрылыс бастайын десе, заң бойынша тиым салынған. Анықталғандай 2016 жылы кәсіпкер кәсіпті кеңейтуге байланысты жер учаскісіне өтінім берген, ал оған қолднаыстағы объекке қызмет көрсету үшін жер бөлінген.

 «Демек кәсіпкер екі жылын зая кетірген. Мамандар әр жер учаскісі бойынша алдын ала түсіндірме жасауы керек. Нәтиже шығару керек. Егере мүмкіндік болса, біз сізге көмектесеміз. Бас жоспардың аты бас жоспар. Ол Үкімет Қаулысымен бекітілген. Заңды бұза алмаймыз. Сәулет бөлімі мәселемен таныссын. Егер шешімге келмесе, Орал қаласы әкіміне жүгіну керек,  аукцион арқылы басқа жер алуға мүмкіндік болып қалар», – деді Алтай Күлгінов.

Арман Құлмалиев және Азат Максимов электро велосипедттерді жалға беру бойынша инновациялық жобаны жүзеге асыруды қолға алған. Бастауыш кәсіпкерлерге электростанция үшін 4 орын, сонымен қатар 8 млн теңге қаражат керек. Олар грант алуға өтінім беріп қойған, бұл мүмкіндік жеңілдетілген несие алуға кедергі болмайды. Бұл жігіттердің креативті бастамасын БҚО әкімі жоғары бағалады. Оларға қолдау көрсетіледі.  Бос жер учаскілерін аукцион арқылы алуға болады.   

Тасболат Машенов әкімге  көкөніс павильон ашу бойынша өтінім жасады. Орла қаласы әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша кәсіпкер павильон салғалы жатқан жер учаскесі кішкентай, нормаларға сай келмейді. Ал бизнесменнің өз уәждері бар. Жергілікті кәсіпкер ретінде ол сауда нүктелерінің желісін құрмақ. Облыс әкімі бұл мәселені шешуді бір топ маманға тапсырды.

 Эльмира Меңдіғалиева Оралда 4 балабақша ашқан. Осы жылы іскер әйел субсидия аламын деп ойлаған. Бірақ қалалық білім беру басқармасында өтінішті қабылдамаған. Анықталғандай субсидияға қаражат аз бөлінген. Кәсіпкердің кінәсі жоқ. Қосымша қаражат болған уақытта субсидяилау жасалады.

 Тимур Әмин құрылыс фирмасының бастығы. Оның ұсынысы бір жерден тұрғын үй мен демалыс аймағын салу. Аталған мәселе егжей-тегжейлі қарастыруды талап етеді. Сәйкес органдарға тапсырма берілді.

Самира Қасымова бизнесін кеңейтіп, студенттерге арналған хостел ашқысы келеді. Жоба құны 3 млн теңге. Іскер әйелге грантқа өтінім беріп, шағын несиелеу механизмін қолдану ұсынылды.

Ағайынды Антон мен Александр Пузановтар жер мәселесі бойынша келді. Кәсіпкерлер дәнекерлеу қызметін көрсетіп келген. Содан кейін кәсіптерін кеңейткен. Гараждардан бокстар жабдықтаған. 2017 жылы шаруашылықты заңды рәсімдеуге бел байлайды. Жер бөліміне өтінім жасайды. Актілер әлі алынбады, алайда жер бөлімі мамандары инспекцияға кәсіпкерлер жерді мақсатты емес қолданып жатқаны жайында хабарлаған. Енді кәсіпкерлер айыппұл төлеуі мүмкін.   

 «Олар сіздерден көмек сұрап келді, ал сіздер айыппұл салып отырсыздар. Заңды түсіндіріп, көмек қолын созу керек еді. Мақсатты нысанын өзгертіп, шағын индустриялық аймақ құруға болады ғой»,– деді БҚО әкімі Алтай Күлгінов.

 «Экспертная инициатива КZ» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Оксана Дементиевская кәсіпкерлерге арналған сайт ашу жобасымен айналысып келеді. Мақсаты – БҚО бизнесін дамыту. Бұл ӨКП міндеттерінің бірі болғандықтан аталған жоба ӨКП директоры міндетін атқарушы С.А.Қаринге жолданды.

БҚО әкімінің қабылдауын қорытындылай келе кәсіпкерлердің мәселелерін шешуде нақты тапсырмалар берілді. Оларды орындау өңір басшысының қадағалауында болмақ.  

 

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер