Отандық өндірушілер Азиялық Сапа конгресіне қатыса алады
Қазақстанда алғаш рет «ANQ 2018» Азиялық Сапа конгресі өтеді
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу мен метрология комитетінің қолдауымен Қазақстанның сапа және инновациялық менеджмент ұйымы мен Азиялық сапа желісі (ANQ) аталған шараны ұйымдастырды.
Конгресс аясында Азия континентіндегі үздік кәсіпорындар көрмесін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Осыған орай шараға отандық өндіруші кәсіпорындар шақырылмақ.
Халықаралық байқауларға қатысып, жүлде алу кәсіпорындарға сапа менеджментін жақсартуға, халықаралық дәрежеге көтерілуге, көшбасшы атануға сонымен қатар шетелдік инвестициялар тарту және әлеуетті әріптес табуға мүмкіндік береді.
Байқауға қатысу үздік қазақстандық кәсіпорындарға Азиялық сапа желісінің (ANQ) «Сапа менеджменті саласындағы тәжірибені жетілдіру» сыйлығын және «Қызметті жетілдіру азиялық үлгісін» (Asian Excellence Model in Performance, AEMP) атағын алуға мүмкіндік бермек.
«ANQ 2018» Азиялық Сапа конгресіне қатысуға мемлекеттік органдар, салалық қауымдастықтар, бизнес және БАҚ өкілдері шақырылады.
Конгреске қатысу талаптары, іс-шаралар бағдарламасы және спикерлер туралы толық ақпаратты, сонымен қатар қатысуға тіркелуді мына телефондар арқылы жүзеге асыруға болады: + 7 (7272) 75 65 78, 47 90 54 немесе өтінімді: info@standard.kz жіберуге қажет.
Өтетін күні: 19-20 қыркүйек 2018 жыл
Өтетін жері: Алматы қаласы, «Интерконтиненталь» қонақ үйі
Пікір қалдыру:
Пікірлер: