astana-view

Алматыда  үй тауарлары мен ыдыс-аяққа арналған халықаралық көрме өтеді

2018 жылғы 26 Сәуір
- Алматы қаласы
3986 просмотров

27-30 мамырда «Central Asia Houseware» үй тауарлары мен ыдыс-аяққа арналған XVI халықаралық көрме мен «Consumer Electronics» тұрмыстық техника көрмесі «Атамекен» көрме орталығында ұйымдастырылады

Houseware көрмесінің ерекшелігі сонда, бұл – Қазақстан мен Орта Азия елдерінің аумағында өткізілетін жалғыз арнайы ұйымдастырылатын тақырыптық көрме. Қазақстан нарығындағы саланың дамуын көрсететін ауқымды шара. Көрме арқылы өндірушілер бизнеске қажетті байланысты орната алады, сондай-ақ Қазақстанда тауар өткізудің тиімді алаңына айналмақ. Бұл туралы көрме ұйымдастырушылар атап өтті.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Корея, Түркия, Қытай, Польша елдерінің өндірушілер көпшілік назарына ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника, шаруашылық тауарлары, тұрмыстық химия, HoReCa  саласының үйге арналған тауарлары ұсынылады.

Толық ақпаратты www.houseware.kz сайтынан алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер