astana-view

Жер кодексіндегі өзгертулерге қол қойылды: бизнес күткен нәтиже қандай?

2018 жылғы 15 Мамыр
4895 просмотров

Мамыр айының басында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

 Бұл құжат 2016 жылы Үкіметпен құрылған жер реформасы бойынша Комиссия жұмысының қорытындысы негізінде әзірленді. «Атамекен» ҰКП заң жобасын дайындауға белсенді қатысқан болатын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, жер кодексіне енгізілген түзетулер жер учаскесін алуға құқық беру процедурасының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Жаңа заң жер комиссияларының құрамын кеңейтуді көздейді. Бұл қоғамдық кеңестер мен ұйымдар өкілдерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдерін тарту арқылы жүзеге асырылады; олардың саны комиссия құрамының 50%-нан кем болмауы керек.

 Қол қойылған заңға сәйкес:

  1. Жер комиссиялары қызметін регламенттеу үшін орталық уәкілетті орган жер комиссиясының Үлгілік ережесін бекітті.
  2. Жергілікті жерлерде комиссияларды мәслихаттар бекітеді.
  3. Сыбайлас жемқорлық қатерлерді болдыртпау, өтініш берушінің өтінімін әділ қарастыру құқығын қамтамасыз ету және комиссия мүшелерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында комиссия жиындарында аудио- және бейнежазба жүргізіледі.
  4. Егер даулы мәселелер туындаса, өтінім беруші комиссия шешіміне шағым жасап, сотқа жүгіне алады.
  5. Әкімдіктер жанындағы жер инспекцияларының құқық қолдану бірыңғай практикасын қамтамасыз ету мақсатында жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаулықтардың типтік формалары, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзы туралы қаулылар мен хаттамалар бекітіледі.

Заңға қол қойылғаннан кейін екі ай ішінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі сәйкес заңға тәуелді нормативті актілерді бекітеді.

 Жер заңнамасын жетілдіру, жер қатынастары саласында процедураларды оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша жыл сайын атқарылатын жұмыстарға қарамастан өңірлерде құқық қолдану практикасы біркелкі орындалмай отыр

Бұл жағдайды өзгерту мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлерде түсіндіру жұмыстары бойынша кездесулерді ұйымдастыруды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынды. Кездесулер нәтижесінде жаңашылдықтар халыққа егей-тегжейлі түсіндіріледі. Сонымен қатар кездесулер барысында бизнес пен «Атамекен» жер қатынастары саласында өзекті мәселелерді талқылап, жер кодексін жақсарту бойынша ұсыныстармен алмасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер