astana-view

Электр энергиясындағы тарифтер талқыланды

2018 жылғы 16 Мамыр
3662 просмотров

Тарифтердің өсу салдары «Атамекенде» көтерілді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында электр энергиясы саласы және жолаушылар тасымалдарында тарифтерді бағалау мәселесі бойынша монополияға қарсы органның атқаратын қызметі талқыланды. Осы мәселемен 7-19 сәуір аралығында «Атамекен» ҰКП басшылығы жұмыс сапарымен 8 өңірді аралаған болатын. Кездесулер барасында жергілікті бизнес сұрақтары тыңдалды.

 Әдетте тарифтер өсуінің екі себебі бар: тұтынушылар топтары бойынша тарифтерді саралау есебінен негізсіз  тоғыспалы субсидиялау және электр энергиясын тасымлдауда делдалдардың көптігі. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша Мемлекет басшысының тапсырмасы мен мемлекеттік органдардың әрекеті бір-біріне керағар.

«Мемлекет басшысы 2017 жылдың қорытындысы бойынша өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында электр энергиясы тарифтері мәселесін қозғап, электр энергиясы құнын азайту бойынша тапсырма берген болатын. Бұл мәселені зерттедік және кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша бизнес-қоғамдастық соңғы тұтынушы үшін электр энергиясы құнының төмендуін көрмей отыр», – деді Абылай Мырзахметов.

Екінші маңызды мәселе – жолаушылар тасымалдауында бәсекелестікті дамыту. Қазіргі таңда Астана, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында 4 муниципалдық автопарк жұмыс істейді. Оларға жергілікті атқарушы органдар жағдай жасап отыр: жаңа автобустар, субсидиялар, тиімді бағыттар беріледі.

«Бұл мәселе шын мәнінде өте өзекті, тасымалдаушылар өтінімімен келіп жатыр бізге. Бұл ретте Монополияларға қарсы комитетінің жұмысы түсініксіз, комитетпен мақұлдай отырып, Шығыс Қазақстан облысында 2 муниципалдық автопарк құрылды. Мәселен, Алматы қаласында тасымалдаушылардың шығынын өтеуге 292 млн теңге бөлінді, оның ішінде муниципалдық паркқа  255,7 млн теңге беріліп, 13 млрд теңгеге автобустар сатып алынды. Нәтижесі қандай? Бөлінетін 15 млрд теңгенің 8 млрд теңгесі осы парктердің шығындарына кетіп жатыр. Демек, қала тұрғындары жеке бизнеске қарсы шығуда. Олар жаман, автобустар нашар, сонда осындай тарифтер не үшін? Жолаушылар тасымалында  Yellow Pages қағидалары орындалмай, Кәсіпкерлік кодексінің нормалары бұзылуда, ал онда кәсіпкерлік қызметте мемлекеттің қатысуы азайтылады делінген», – деді Абылай Мырзахметов ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдеріне назар аударып.  

 Ары қарай жиын сұрақ-жауап тәртібінде өрбіді. Талқылауға өңірлер де қатысты. Бизнес уәкілетті органға дифференцияланған тариф бойынша сұрақ қойды.

 

 

СҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Александр Казанцевтің айтуынша, сараланған тариф іске қосылған соң кәсіпкерлердің 30%-ы электр энергиясын түнгі уақытта қолдануға көшкен.  

«Сараланған тариф, оның ішінде тәуліктік бөлу немесе орташа тариф бойынша кәсіпкерлердің төлемді таңдау құқығын қалпына келтіру мүмкін бе?», – деп сұрады Александр Казанцев.

 Мәселен, сараланған тарифтерді алып тастаған соң, бизнес қымбатшылықты сезді: «Петропавл нан-тоқаш комбинаты» ЖШС (СҚО) 25%-ға, «Каинат» ұн тартатын-диірмен кешені ЖШС – 88%-ға, «Көкше-нан» нан-тоқаш өндірісі ЖШС (Ақмола облысы) – 80%-ға шығындары артты.

 Өз кезегінде Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиев бұл тариф кестені оңтайландыру және станция жүктемесін қауырт сағаттарда азайту үшін енгізілгенін айтты. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ресми деректері бойынша тариф енгізілгенге дейін тұтынушылардың 28%-ы электр энергиясын түнгі уақытта қолданған. Барлығы 0,5% тұтынушы тәулік бөлімдері бойынша түнгі пайдалануға ауысқан.

«Түнгі уақытта қолданатын тариф 2 есеге азайды. Алайда осы ретте кәсіпорынның қызметі ескерілуі керек, көптеген өнеркәсіптік компаниялар түнгі тарифке көше алмады», – деді Майтиев.

 Абылай Мырзахметов пікірінше, бұл мәселеде икемділік керек, сондай-ақ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өңірлердің ерекшелігін ескеруі тиіс.  

 

Бүгінде жеке кәсіпкерліктер өндіретін тауар, жұмыс, қызмет түрлеріндегі өзіндік құнның негізгі шығындары коммуналдық қызметтер болып табылады.

 «Жекешелендіру және инвестициялар бойынша бюро» ЖШС қаржы директоры Александр Перовтың айтуынша бұл мәселе бүкіл Қазақстан үшін маңызды.

 «Тұтынушылар және бизнеске арналған тарифтер арасында үлкен айырмашылық бар. Демек бизнес тұрғындарды «жасырын» субсидиялап отыр, салдарынан облыстық бизнес тең емес бәсекелестік жағдайында тұр. Осы тұрғыда халық пен бизнес үшін тарифтерді теңестіру үшін  табиғи монополиялардың қызметтеріне тарифтреді қайта қарау жөн», – деді Перов.

 

 

Азамат Майтиев тарифтерді теңестіру үдерісі 2017 жылы басталғанын әрі кезең кезеңмен жасалатынын айтты.

«Бұл үдеріс күрделі, бірақ 2020 жылға дейін топтар арасындағы алшақтық толығымен сараланады деп жоспарлап отырмыз. Мәселен, Қарағанды бойынша «Қарағанды Энергосбыт» тарифтерін реттеу үшін жеке тұлғаларға тарифтерді көтеріп, заңды тұлғаларға азайту бойынша шешім қабылданды», – деді Азамат Майтиев.

 Ары қарай кәсіпкерлер тұтынушылар мүддесін ескеру және тарифтерді тағайындау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында өздерінің сайттарында сәйкес ақпарат жариялауын заңдық тұрғыда бекіту керек деген ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, заңнамалық деңгейде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін бекіту туралы өтініштерді қарау кезінде қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын сақтау мәселесі де көтерілді.

«Негізінде нарық тұтынушылары тарифтік сметалар жобаларымен ғана танысады, және бұқаралық жиындар кезінде ғана танысады, сонымен қатар экономикалық есептерді қарай алмайды. Сондықтан табиғи монополияларға арналған тарифтерді бекіту туралы өтініштерді, сонымен қатар электр энергиясы саласында реттелетін нарық субъектісінің тауарларына арналған баға жобасын қарау кезінде қоғамдық тыңдауларды өткізу ережелеріне өзгерістер енгізу қажет», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиев 1 қаңтардан бастап монополистердің электронды базасы құрылып, онда энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдар өтінімдері енгізілетінін айтты. База уәкілетті орган және үшінші тарапқа қолжетімді болмақ.

Жиын қорытындысы бойынша Абылай Мырзахметов уәкілетті орган, бизнес және сарапшылық қоғамдастық арасында жүйелі жұмысты құру қажеттігін айтты. Жасалмақ жұмыстардың маңыздылығын ескере отырып, Абылай Мырзахметов мұндай жиындарды барлық мүдделі тараптардың қатысуымен «Атамекен» алаңында тоқсан сайын өткізуді ұсынды.

  «Бізге Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен тығыз байланыс орнату керек. Жиынның хаттамасын дайындауды ұсынамын, оны барлық қатысушыларға жібереміз. Өңірлер хаттаманы өз сауалдарымен толықтырады, осы сауалдарға уәкілетті орган жауап береді деген ойдамыз. Содан кейін тарифтерді қалыптастыру және бәсекелестікті шектеуді болдырмау бойынша бірлескен жұмысты ұсынатын боламыз», – деп қорытындылады Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер