«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Мектеп асханалары еріккендердің ермегіне айналды

16 Мамыр 2018 - Түркістан облысы
1125 просмотров

Шымкенттегі мектеп асханаларының иелері заңсыз тексерулерден қорғауды сұрады

Балмұздақпен жаппай улану оқиғасынан соң, Шымкенттегі мектеп асханаларын үнемі тексере бастады. 13 кәсіпкерден тұратын бір топ ОҚО Кәсіпкерлер палатасына наурыз айынан бастап олар жалға алып отырған мектеп асханасына қоғамдық тыңдаушылардың, депутаттардың, журналистердің, тіпті басқа қалалардан келген блогерлердің тазалық нормаларына бақылау жүргіземіз деп баса көктеп кіретіндіктеріне шағымдарын айтып жүгінді. Сонымен қатар, «тексерушілер» арнайы киімдері жоқ, санитарлық кітаптар мен медициналық анықтамаларсыз тамақтану орнына кіріп, тоңазытқыштарды қарап, қолдарымен кәстрөлдердің қақпақтарын ұстап, дайын ыдыстардан дәм татуға дейін барған. Өздерін құдіретті санайтын және кәсіпкерлердің асханаға кіргізуге бас тартқандықтарына қарамайтын «бақылаушылар» көбейгені соншалық, жалға алушылар Кәсіпкерлер палатасынан жәрдем сұрауға мәжбүр.

Бұл мәселе Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңестің отырысына енгізілді. Кеңес мүшелері мектептегі асханаларда қоғам тыңдаушылардың рейдтерінің бейнежазбаларын көріп, қорытындыға келді – мұндай тексерулер заңсыз.

Кәсіпкерлер палатасы – тексеру шараларына кәсіпкерлерді тәрбилейтін құрал ретінде қарайды әрі қоғамдық бақылауға екі қолымен  келіседі, алайда барлығы заң аясында болуы керек. Ал жоғарыда айтылған «қоғамдық белсенділер» заңдық құқығы жоқтығына қарамастан, асханаларды бақылау деген сылтаумен нақты тексерістер жүргізуде.

«Тексеру жүргізу үшін оны құқықтық статистика органдарына тағайындау туралы актіні тіркеу керек. Бұл тіркеу болмаса, тексеру жоспарланған немесе жоспардан тыс болса да, кез-келген кәсіпкерлік нысанында өткізуге құқығы жоқ. Сондықтан, біздің мамандар кез келген нысанға, мысалы, ол кафе немесе сауда нүктесі болсын,  тағайындалу актісін, қызметтік куәлігі және тексерушілер физикалық сау адамдар екендігін куәландыратын медициналық кітабын көрсету арқылы ғана тексеруге құқылы. Бұдан бөлек, кәсіпкерге тексеру парағы көрсетеді, онда тексеру рәсімі тармақтарда сипатталған. Бұл құжаттардысыз, тексеру жүргізу мүмкін емес», – дейді ОҚО денсаулық сақтау департаментінің өкілі Роза Аханова.

Кеңес отырысына жалға алушылардың өздері келіп, қоғам қайраткерлері, журналистер мен блогерлердің мектеп оқушыларына арналған тамақ өнімдерін қалай көретіндігін эмоционалды түрде айтып берді.

«Наурыз айынан бастап, төбемізден жәй түскендей: асханаға тікелей кіріп, халаттар мен қалпақтары жоқ, бізге ұялы телефондарымен қысым жасап, жұмыс жасауға  кедергі келтіреді. Бір жалға алушы кәсіпкер осындай «тексеруден» соң инсульт алып ауруханаға түсті», – деп наразылықтарын білдірді.

Дегенмен, қоғамдық тамақтандыруда жұмыс істеу оңай емес, себебі асхана ғимараттарының жағдайы төмен деңгейде.

«Осыған қарамастан, жалға алушылар күрделі жөндеу жүргізіп ыстық тамақ беру бойынша қызметтер көрсету үшін өз қаражатымен қажетті жабдықтарды сатып алуларына тура келіп жатады.Сонымен бірге кәсіпкерлер санитарлық нормалардың барлық қажетті талаптарына сәйкес келеді, тиісті сертификаттар бар, жұмыс сапасына қадағалаушы органдардан наразылықтар түспеген», – деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің басшысы Сабира Адамбекова.

Ол, нормативті талаптардың бұзылуы анықталған тек бір мүмкіндікпен мектептің асханасының жалпы көрінісімен бағалау мүмкін емес деп санайды, бірақ әлі де тәжірибесі мол адал кәсіпкерлер жұмыс істейтін көптеген мектеп асханалары да жұмыс істеуде.

ОҚО прокурорының көмекшісі Батыр Ергешев атап өткендей, қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік органдардың және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін дербес тексеруге құқылы емес.

«Олар уәкілетті мемлекеттік органмен ұйымдастырылған тексерулерге қатыса алады. Бұған дейін біз тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі әртүрлі қоғамдық бірлестіктердің жеке тұлғалардың өтініштерін тіркеп алып бұл дәлелдерді тексеру үшін дербес тексеру жүргізген фактілерге тап болғанбыз. Біз осы қоғамдық тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарттық», – деді Батыр Ергешев.

Прокурор көмекшісі мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын тек мемлекеттік органдар жүзеге асыра алатындығын атап өтті. ҚР Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығымен мемлекеттік кәсіпорындарға және басқа да ұйымдарға мемлекеттік мәртебесі жоқ мекемелер жүргізуге құқығы жоқ.

Кеңес мүшелері ОҚО Кәсіпкерлер палатасына облыстық прокуратураға және ОҚО бойынша статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне, өз кезегінде Шымкенттегі қоғамдық кеңестің және тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестік мүшелерімен мектеп асханаларында жүргізілген тексерудің заңдылығы мен тексеру негізділігіне құқықтық бағалау беруіне хат жазуды ұсынды.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер