astana-view

Еркін нарыққа кірудің кедергілері немесе «ортақ нарық бәріне арналмаған»

2018 жылғы 21 Мамыр
3824 просмотров

Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бизнес жүргізу мәселелерінің жедел шешілмеуі мәселесі «Атамекен» алаңында талқыланды

Сегіз жылдан бері Қазақстанның алкоголь өнімі серіктес елдердің сауда сөрелеріне шығарылмай келеді. Бұл туралы ЕАЭО Экономика және қаржы саясаты алқасының (министрі) мүшесі Тимур Жақсылықовтың Қазақстан бизнесмендерімен кездесуінде айтылды.

Басқосуды ашқан «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ЕАЭО елдерінің салық органдарында ақпаратты эклектронды түрде алмасуды реттеу қажет екенін атап өтті, бұл бизнесмендерді қағаз жүзінде айналысудан босатады.

«Тауарларды пломбалау, таңбалау электронды форматқа ауыстырылды, салық төлетуде әлі күнге дейін қағазбастылық орын алған», –деді спикер.

Сонымен қатар Ресей Федерациясының мемлекеттік сатып алуында Қазақстан тауар өндірушілерінің қатысумен орын алған мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, импортты алмастыру саясатын қолдау аясында Ресей Федерациясының кейбір облыстарында Қазақстан өндірушілерінің қатысуын шектейтін сертификаттар енгізілген.

Мысалы, Вологод облысы губернаторының жарлығымен аталған өңірдің сертификаты шығарылған. Оның алу Вологод облысының өндірушілеріне артықшылық береді. Сонымен қатар бұл сертификатты Вологод облысының резиденттері ғана ала алады, резидент еместер үшін бұл жүйе жабық және тиісінше Одаққа мүше мемлекеттер де аталған сертификатты ала алмайды. Дегенмен, сертификатта берілген өнімнің шығарылған өңірінен басқа, айтарлықтай өзгеше сипаты мен белгісі жоқ.

«Бір айдан кейін Ұлттық палата Съезд өткізеді, биыл бес жылдық жұмысты қорытындылаймыз және ауқымды сараптама дайындаймыз. Біз міндеттемені жақтаушымыз, бірақ өңірлердегі бизнестің Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдауда протеционистік шараларды күшейтуге ынтасы бар екенін көреміз. Өзге елдердің нарығына шыға алмай отырғанда осы ережелердің бір жақты сақталуы оңай емес», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Басқосу барысында жауапкершілік экспорттаушылардың өзіне жүктеліп отырғанда, жанама салықты өтеу және оны төлегенін растау механизмдерінің мәселесі көтерілді. Қабылданған ережелер бойынша жанама салық төлемеген импорттаушыға қатысты ешқандай шара туындамайды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Кедендік әкімшіліктендіру департаментінің директоры – Басқарушы директор Дина Мамашева мысал келтірді: «Ази Мақта» ЖШС 111 млн теңге көлемінде салық төлеген, бұл ресейлік импорттаушы сол салықты бюджет төлемегеннен туындаған.

Еуразиялық экономикалық комиссия Қаржы саясаты департаменті салық саясаты бөлімінің басшысы Нұрматбек Мәмбетәлиев жетілдіру тұрақты түрде жүргізіліп отырғанын атап өтті. келісімшарт пен оған қосымшаға өзгерістер енгізу пакеті дайындалып қойған, бұл өзгерістер жалған экспорттаушы немесе жалған импорттаушыны жоюға бақытталған. Салық қызметі арасында ақпарат алмасуды жетілдіру және құжаттардың заңдылығы мен дұрыстығы бойынша сервисті жақсартудағы өзара әрекетке де өзгерістер енгізіледі.

Жанама салық туралы мәселеге қатысты пікір білдірген ЕЭК министрі Тимур Жақсылықов ақпараттық арналар жұмысының әлсіздігіне назар аударды.

«Біз жүйені автоматтандыру, процедураны міндетті ету бойынша жұмыс атқарып келеміз. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске импорттаушының қосымша құн салығын төлемегені туралы өтінім бермегені үшін санкция енгізуі немесе мемлекеттік салық органына шағымдануы мүмкін», – деп атап өтті спикер.

Талқыланған тағы бір мәселе – алкоголь және темекі өнімдерінің акциздерін үйлестіру. «ҚазАлко» қауымдастығының атқарушы директоры Темірлан Жақыпбеков Қазақстанның алкоголь өнімін ЕАЭО елдеріне шығаруда орын алған мәселелерге тоқталды.

«ЕАЭО нарығына шығудың келешегі, нарықты ашу туралы 2010 жылдан бері айтылып келеді. Оның жабық екеніне үйреністік. ЕАЭО елдеріндегі әріптестердің қолқалауымен акцизді 55%-ға көтердік, негізгі серіктеспен күшті алкогольдің акцизіндегі айырмашылық 40%-дан жоғары, 25%-ды құрайды. Осыған орай Қауымдастық акциздерді бұрынғы төменгі деңгейге түсіруге бастама көтеріп отыр. Осындай жағдайда біздің көршілес елдер түсініп, контрафактіге барады, акциздік саясаттағы төмендетудің алғышартын көріп, келіссөзге келеді, сонда Ресей мен Беларусьтың нарығына шығу туралы айтуға болатын шығар», – деп атап өтті қауымдастық өкілі.

Тимур Жақсылықов бұл мәселеге оптимистік тұрғыда қарайды.

«Біз болашаққа деген үмітті үздіріп, осындай шаралармен адал қызмет атқаратын бизнесмендерді заңды жұмыстан акцизделетін өнімде заңсыз операцияны бастауға итермелейміз», – деп атап өтті ол.

Жиын барысында тасымалдаушылар Еуропадан Ресей аумағы арқылы санкциялық тауардың транзиттік тасымалдаудағы мәселені атады. Шекараға кіргенде тасымалдаушылар толық тексеруден өтіп, Ресей Федерациясының аумағында да қосымша тексеру жүргізілетінін айтты.

«Орта есеппен алғанда оған 5-7 күн кетеді, аралық тексерулер 1-2 күнге созылады. Тауар тез бұзылады, тексеру барысында жүкті түсіріп қарайды, оны сақтауға жағдай жасалмаған. Тасымалдаушылар қосымша шығынға ұшырайды, ал әр тексергенге 500 еуро төлеуге мәжбүр».

Осындай уақыт алуды болдырмас үшін кәсіпкерлер мәселені шешуде қосымша өткізу бекеттерін ашуды, адал кәсіпкерлер үшін жасыл дәліз жасауды ұсынды. 

ЕЭК Алқасында атап өткендей, ЕАЭО аясында Қазақстан бизнесінің жұмысындағы кедергілер мен қиындықтарды реттеу үшін шаралар қабылдауда бизнес-қоғамдастық көтерген әрбір мәселе зерттеледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер