astana-view

Тараптарды қанағаттандырған шешім

2018 жылғы 25 Мамыр
- Шымкент қаласы
8253 просмотров

ҚТЖ-ның кедергісі: Кәсіпкерлер палатасы монополистке де, кәсіпкерлерге де қолайлы шешімге қол жеткізді

 «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Шымкенттегі бөлім басшылығы мен Теміржол пайдаланушылардың кездесуі күйзеліске толы өтті деп айтуға болады. Кездесудің себебі ретінде кәсіпкерлердің пікірі бойынша, монополистердің оларға қатысты тұрақсыз іс-әрекеттері болды.

Олардың наразылығының мәні осы жылдың мамыр айының ортасынан бастап 30-дан астам жүк алушылар мен тармақ иеленушілері көп жылдар бойы жүк тиеп, түсіріп жүрген үйреншікті Қорғасын, Қызыл-Сай және Шымкент атты үш бекетте емес, енді аяқ астынан олар қаланың екінші бөлігінде орналасқан – «Continental Logistics» ЖШС «Игілік» станциясында жүк тиеп, түсірулері қажет екендігін біледі.

Бұған қоса, бұл ҚТЖ-дан ынтымақтастықты тоқтату туралы ешқандай ескертусіз кәсіпкерлерге қысым жасаған монополистің өз шешімімен, бекетке жүкті жеткізуге барлық талаптарды бұза отырып жасалған.

«Біз әуежайдың артындағы жердің алыс жағына, жаңа станцияға көшуге мәжбүрлеуде. Бірақ біздің қоймаларымыздың барлығы осында, бізге қоймаларымыздың жанында орналасқан осы бекеттерден тауарларды жіберуге және алуға ыңғайлы», – деп ашуланды кәсіпкерлер. – Әйтпесе біз тасымалдау, тиеу және түсіру үшін қосымша шығындарды көтеруге мәжбүрміз. Ал бүгін біздің вагондарымыз жәй ғана тұр, біз олардың тұрған уақытын төлеуге мәжбүрміз, жеткізу мерзімі де, клиенттер алдындағы міндеттеріміз де бұзылды».

Қорғасын», «Қызыл-Сай» және «Шымкент» станцияларының қоймаларының иелері мен тармақ иеленушілері бірнеше жылдар бойы жинақтаған клиенттік базадан айырылатынын айтып шағымданды. «Барлығы жаңа станцияға көшеді, біздің қоймаларымыз бос болады. Ал салықтар қалай төленеді?

Кәсіпкерлердің ұстанымы біржақты болды – олар өз тауарларын келісімшарттарда көрсетілген мекенжай бойынша жеткізуді талап етті, сонымен бірге кәсіпкерлер ретінде олар жеткізу бекетін таңдау құқығына ие.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Бақтыбай Қасымбеков қарсы наразылық білдірді: ескі теміржол станциялары жүк вагондарының ағынын  игере алмай жатыр деп  кездесудің жағдайын одан әрі ұшықтырды.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Акенов теміржолдың ниеті түсінікті және қисынды екендігін атап өтті: бәрі өздерінің қатынайтын жолдары жоқ жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға ыңғайлы болу үшін жасалуда. Жаңа көлік логистикалық орталықта барлық жағдай жасалған: сақтау қоймалары, контейнерлік терминалдар, тарату, кеден және көлік қызметтері бар. Бірақ бұл талассыз: осы жағдайда теміржол тарапынан бұзушылықтар жіберілген.

«ҚР  «Теміржол көлігі туралы» Заңының 36-бабына сәйкес жүк жөнелтiлу мен жеткізілу бекеті көрсетілген теміржол жүкқұжатын құру арқылы тасымалдау туралы шарт жасалады. Яғни, егер жүкқұжатта «Қорғасын» станциясының атауы көрсетілсе, онда тауар «Қорғасын» станциясынан басқа ешқайда жеткізілмеуі тиіс. Бүгінгі жағдайдағы теміржол жүк тағайындалған станцияға жүк жеткізу бойынша шарттық міндеттемелерді бұзды».

Құқықтық тұрғыдан тағы бір қызықты факт анықталды: теміржол жүк жөнелтуші (жіберуші) тармақ иеленуші арасында жасалған шарттық қатынастарға араласуға құқығы жоқ. Станцияның бастығы келісімшартты бұзу сияқты мұндай құжатты қол қоюға уәкілетті тұлға болып табылмайды.

Бұдан басқа, Палата сарапшыларынаң толығырақ зерттеу барысында «Continental Logistics» ЖШС 2014 жылғы тамызында «ҚТЖ ҰК» АҚ - KTZ Express және жеке инвестор «Odyssey Investments Group» еншілес құрылымы арқылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде құрылғандығы анықталды.

«Осылайша, темір жол, табиғи монополия субъектісі бола отырып, әсер ету тетігін пайдалынып, кәсіпкерлерге қосымша қаржылай залал келтіріп, жасанды тосқауыл жасауда», – деді Қайрат Акенов.

Шымкенттің көлік прокуратурасының өкілдері қатысқан шулы диалогтық келіссөздердің нәтижесі барлық қатысушыларды қанағаттандырды: ҚТЖ-дан вагондарды теміржол жүкқұжатында көрсетілген бағытқа сәйкес қатаң түрде қабылдап, жөнелтілуге қол жеткізілді.

Айтпақшы, айтылған мәселе ҰКП мен ҚТЖ жетекшілігіне тез арада жеткізіліп, олар бұл мәселені өз  бақылауында алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер