astana-view

Абылай Мырзахметов – ШОБ дамуына жаңа мүмкіндіктер ашылуда – бизнеспен айналыс, салық төле, жұмыс істе!

2018 жылғы 25 Мамыр
4317 просмотров

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы  өңірдің белсенділері мен бизнес-қоғамдастығымен кездесті, онда Кәсіпкерлік қызметті жетілдіру туралы заңға назар аударылды.

Кездесу барысында технологиялық модернизация, цифрландыру,  экономиканы ары қарай әртараптандыру, мамандарды дайындау, еңбек ресурстарын басқару және бизнесті дамытуды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы қол қойған Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бойынша Заңға тоқталды. Осы бағытта  Үкімет ауқымды дайындық жұмысын атқарған болатын. Бұл заңмен қолданыстағы заңнамаға мыңнан астам өзгерістер енгізілді. Бұл бизнесті жүргізуді жеңілдетуге бағытталған түзетудің  2014 жылдан бергі 6 пакеті. Заң мемлекеттік бақылау-қадағалау функциясын реформалау, ақпараттық құралдарды және реттеуші әсерді талдау механизмін реттеуді жетілдіру, табиғи монополиялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерімен көрсетілетін міндетті қызметтерді реформалау, сондай-ақ бәсекелстікке кедергі келтіретін нормаларды алып тастауға бағытталған. Сонымен қатар Заң бизнес үшін жаппай шығындарды азайту және Қазақстанның «Doing Business» рейтингінде дәрежесін жақсартуды көздейді.

(фото: www.primeminister.kz)

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов өңірлерде шағын және орта бизнес дамуы және келешектігі туралы ақпарат беріп, қабылданған Заң бойынша пікірін білдірді.

«Кеше Мемлекет басшысы аталған құжатқа қол қою рәсіміне қатысу бұйырды. Заңның бизнес үшін маңыздылығы, әкелетін өзгерістер ауқымын әлі саралауымыз керек. Бүгінде шағын және орта бизнес дамуына жаңа мүмкіндіктер ашылуда – бизнеспен айналыс, салық төле, жұмыс істе!», – деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

 Абылай Мырзахметов атап өткендей «Атамекен» жұмысын енді бастаған кезде Қазақстанда осы бағытта жыл сайын 300 000 тексеру жүргізілген. Былтыр бұл санды 100 мыңға дейін қысқартуға қол жетті. Заңға қол қойылған соң тексерулер саны тағы 30 мыңға қасқарып, 2020 жылға дейін әр жыл сайын 10%-ға азайтылатын болады.

 Заңның оң өзгерістер әкелетіні жайында кәсіпкерлер де айтты.

 «Қызметімізде әр жылдары бізге жарнама констуркцияларына арнап жер учаскілерін алу қиынға соғатын. Толымды жұмыс істеудің орнына жерді жалға алуға көп күш пен уақытты сарп ететінбіз. Елбасы қол қойған Заң бізді болашақта мұндай тауқыметтен босатады. Әкімдіктер жер бөлу бойынша аукциондарды өткізуге міндеттелетін болады, сонымен қатар кімге қандай жер бөлінгені жайында ақпарат сайтта онлайн жарияланады. Кәсіпкер ретінде мұндай заң қабылданғанына қуаныштымын. Мемлекет басышысы мен Үкіметке осындай бастамалар үшін алғыс айтамын», – деді «Репако» жарнама компаниясының жетекшісі Наталья Булатова. 

«АгромашХолдинг» АҚ Басқарма төрағасы Олег Цойдың айтуынша кәсіпорын ірі болған сайын соғұрлым көп мекемелер алдында есеп беруге тура келеді.  

 «Мәселен, біз ай сайын өзара сауда бойынша 1-ТС формада есеп тапсырамыз. Бізге екі күндік мерзім беріледі. Ал мемлекеттік орган есепті ары қарай жіберу үшін 48 күн уақыты болады. Бұл есеп тапсыру бізге қандай қолайсыздық әкелетіні жайында бір ғана мысал. Осы мәселелерді шешу үшін штатқа қосымша маман алуға мәжбүрміз. Жаңа Заң бұл мәселелерді алып тастайды. Статистикалық есептіліктің толық тізбесі жасалады. Жалпы аталған құжат бизнес үшін маңызды әрі қажет», – деді Олег Цой.  

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралау барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев орталық қызметін атап өтті. Бүгінде орталық толықформатта жұмыс істеп жатыр. Мұнда бизнесмендер жеке кәсіпкерлікті ашудан бастап техникалық талаптарды рәсемдеуге дейін қызмет түрлерін ала алады. Ерекше назар сервистік қызметке бөлінген. Бақытжан Сағынтаев  «Бастау» ҰКП бағдарламасы аясында іске асырылған жобалармен танысып, жоба түлектерімен кездесті. Түлектер КҚКО мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіну арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқып, жеке кәсіп ашқан.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер