«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Франция Елшісі павлодарлық кәсіпкерлермен кездесті

11 Маусым 2018 - Павлодар облысы
256 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында екі ел бизнесмендерінің сауда-экономикалық ынтымақтастығы дамуының келешегі талқыланды.

Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Францияның Қазақстандағы   Елшісі Филипп Мартинэ жергілікті бизнес-қоғамдастықпен кездесті.

Павлодар облысын түрлі салада жұмыс істейтін 50-ге жуық кәсіпкер таныстырды. ӨКП директоры Серік Байсейітов француз делегацияның келуі еліміздің маңызды өңірлердің бірі – Палодардың Франция әріптестерімен сауда-экономикалық байланыстарына жаңа серпін беретініне,  өңірдің экономикасындағы Франция бизнес құрылымдарының инвестициялық мүмкіндігін белсенді етеді деген сенімде.

«Қазақстанның индустриялық-инновациялық саясатының басымдықтарына сәйкес француз бизнесінің экспортқа бағдарланған өндірісті дамыту жобаларына қатысуын қолдаймыз», – деді Серік Байсейітов.

Айта кетелік, Павлодар облысының Еуродақ мемлекеттерімен жасаған тауар айнылымы 378 млн еуроны құрады, оның ішінде 2017 жылы Франциямен өзара тауар айналым – 11,1 млн еуроны құрады.

Кездесу барысында павлодарлық фермерлер ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, атап айтқанда зығыр, картоп, жасымықты өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорын құруға қызығушылық танытты. Сонымен қатар кәсіпкерлер бал жеткізу, жабдық алуға қатысты ұсыныстар тастады.

«Қазақстанда жасалған» тауар мен қызмет көрсетуді сату орталығының директоры Дмитрий Корепанов компаниясы отандық тауар өндірушілерге өнімін өткізуге көмектесетінін, сондай-ақ,  ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқытуға қызығушылық танытып отырғанын айтты.

 Өз кезегінде франуцуз тарапы тамақ өнімін өңдеу технологиялары саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл бағыт Францияда жақсы дамыған екен. Мысал ретінде  Food master компаниясын келтіруге болады, бұл комнаия француздық технология негізінде жұмыс істейді.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер