astana-view

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Австриямен іскерлік байланыс орнатты

2018 жылғы 13 Маусым
2447 просмотров

Вена қаласының экономикалық палатасының Президенті Вальтер Рукканың жетекшілігімен Қазақстанға австриялық делегация келді. Аталған іс-шара аясында Қазақстанның Сыртқы палатасы мен Венаның экономикалық палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бұл келісім Австрия және Қазақстан Республикасы арасындағы  сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мен дамытуға бағытталып отыр. Сонымен қатар тараптар «Бір белдеу – бір жол» атты маңызды жоба бойынша пайда табуға қызығушылық танытуда.

 Қос палата Вена мен Қазақстандағы нарықтар мен конференциялар, экономикалық даму туралы ақпарат алмасып қана қоймай, сонымен қатар австриялық және қазақстандық компаниялардың бірлескен жұмысына қатысты мәліметтер алуды, оларды қолдауды көздейді.

 «Біз екіжақты қатынас бойынша мәселелердің кең ауқымын талқыладық. Екі ел компанияларының Қазақстан мен Австрия экономикаларының барлық секторларына инвестиция салуын қолдайтын боламыз. Мемлекеттерімзде түрлі жобаларды жүзеге асыру үшін сәйкес әріптестерді табуды көздеп отырмыз, осылайша Венаның экономикалық палатасымен тығыз байланыс екі елдің экономика дамуына жаңа серпін береді деген ойдамын», – деді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы төрағасының міндетін атқарушы Сукуров Нұрболат.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер