astana-view

Абылай Мырзахметов: Қаржыландыруда «Бастауға» басымдық керек

2018 жылғы 11 Шілде
7337 просмотров

«Атамекен» «Бастау» жобаларын қаржыландыруды құжатпен бекітуді ұсынды. Бөлініп отырған шағын несие стартаптарды жүзеге асыруға жеткіліксіз.

Бастаманы Үкіметтің отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.

«Ауылдық жерлердегі жобаларға шағын несиелеуге 44 млрд теңге бөлінгені туралы ақпарат айтылды, оның ішінде 10 млрд теңге – якорлы кооперацияларға, 34 млрд – стратап жобаларға. Бірақ цифрға көз салсақ, 27% ғана «Бастауға» бағытталады», – деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

Ұлттық палата Басқарма Төрағасының айтуынша, шағын несиелеу шарты мен жобаның танымалдылығы халық арасында талап етілуінің кепілі болды. Жалпы оқуға қатысушылардың кемінде 70% бизнес-жоспарды қорғайды және мемлекеттік қарыздан үміткер.   

Шілде айының басында несие серіктестерінің желісі бойынша бар болғаны 74 шағын несие берілген. Бұл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» желісімен берілген несиеден 7 есе аз.

«Дәлелдеу үшін басқа сан қажет емес деп ойлаймын. Бірінші транш аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 18,5 млрд теңге бөлінген. Бұл сома жетпейтін болды, себебі оның бір бөлігі «якорлы кооперация» жобасына, енді бір бөлігі ауыл шаруашылығына арналған жер учаскесін иеленетін кәсіпкерлерге бағытталған «Сыбаға» бағдарламасына қалдырған. «Бастау» жобаларын қаржыландыруға басымдықты ішкі құжаттар деңгейінде бекіту қажет», – деп хабарлайды Абылай Мырзахметов.

«Атамекенде» қаражатты шағын несиелеу ұйымы арқылы бөлу немесе «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қайта бөлу, сондай-ақ қаражатты резервке қою тәжірибесінен бас тарту туралы шешім шығару қажет екеніне сенімді.

«Бірқатар өңірде әкімдіктермен бірлесіп пилоттық режимде Шағын несие ұйымдарын іске қостық. Қаржының қайтарылуы – 90%. Егер қолдау көрсетілсе, барлық облыста шағын несие ұйымдарын ашуға дайынбыз және «Аграрлық НесиеКорпорациясы» АҚ бөлетін қаржы ресурсын ешқандай байқаусыз бере алатын едік», – деді Абылай Мырзахметов.

«Атамекен» Басқарма Төрағасы «Еңбек» 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қысқа мерзімді оқыту жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныс айтты. Бүгінде кәсіпорындардың жанында құрылған 118 оқу орталықтары халықты жаңа мамандыққа оқыта отырып, процеске қатысады. Бүгінде 1 089 адам білім алды, оның 372-сі жұмысқа орналасты.

«Мұнымен қоса, оқу орталықтарының оқытуға кететін шығындарын анықтау ешқандай нормативтік-құқықтық актімен бекітілмеген. Жекелеген мамандықтар бойынша, мысалы, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс, мұнай-газ секторы оқыту қаржысының көлемін арттыруды, арнайы киім, қорғаны құралдарын талап етеді. Кәсіпорын жанындағы орталықтардың маңызды шығыны Бағдарлама бойынша бекітілген оқыту құнынан кемінде 3 есе асады. Сапалы оқыту тиісті шығынды талап етеді, ол кейін жұмысқа орналастыру пайызын да арттырады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құнын анықтаудың бірыңғай әдістемесін дайындауды Білім және ғылым министрілігімен бірлесуді ұсынамыз. Мұнымен қоса, Бағдарламада негізгі көрсеткіш «жұмысқа орналастыру» болуы тиіс. Бағдарлама қатысушыларын жұмысқа орталастыру бойынша жоғары көрсеткішке ие оқу орталықтары бойынша бөлуді ұсынамыз», – деді Абылай Мырзахметов.

«Атамекен» сонымен қатар білім алған тұлғаларды оқу басталғаннан жұмысқа орналастырғанға дейін мониторингілеу әрі қолдау тетіктерін іске қосуды ұсынды (CRM – жүйесі). Осындай мониторингі Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, салық органдары және әділет базасымен үйлестіру керек. Сонымен қатар, білім алушыларды жұмысқа орналастыруға дейін сүйемелдеу мақсатында консультативтік көмек беретін call-орталық құру қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер