«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Ақтөбелік супер келіншек

11 Шілде 2018
149 просмотров

Қыз-келіншектерге тәтті тоқаш, бәліш пен бауырсақ пісіруді үйрететін Гүлайым Әбиеваны ақтөбеліктердің біразы біледі. Ол пісіретін нан өнімдері де үлкен сұранысқа ие.

Мектеп бітіргеннен кейін Гүлайым педогог-психолог мамандығын алып, осы салада 12 жыл қызмет етіпті, алайда бала күннен бергі сүйікті кәсібі – тәтті тағамдар әзірлеуді жаны қалап тұратын. Бұл қалауы кәсіп бастап, аспаздық өнерін шыңдауға дейін жеткізеді.

Алғашында интернет желісі арқылы тапсырыстар қабылдап, мерекелік дастарханға арнап үйден тоқаштар пісірді. Қазір оның дайындаған өнімдерін қалалықтар іздеп жүріп сатып алады. Тапсырыстардың көбеюіне байланысты Гүлайым кондитерлік өнімдерге арналған «Магнит» дүкенін ашты. Бүгінгі күні кез-келген тұрғын жаңа піскен тоқаштарды осы дүкеннен ала алады. Ол, сондай-ақ, аспаздық өнерінің қыр-сырымен бөлісіп, шеберлік сабақтарын өткізіп тұрады.

«Нан - әрқашан сұранысқа ие болатын өнім. Сондықтан, тапсырыстардан кенде емеспін. Ендігі мақсатым, тәтті тоқаштар сататын дүкендер желісін құрсам деймін. Аспаздыққа үйрететін оқу орталығын ашу да ойымда бар. Сол үшін «Атамекен» кәсіпкертер палатасының бизнес тренингтерінен өтуді ұйғардым. Кәсіби білім жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлаймын», - дейді аспаз.

Гүлайым Әбиева Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кезекті «Бизнес-кеңесші» курсына қатысып, білім алуда. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының «Бизнес-мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында жүргізілуде. Оқу барысында тыңдаушылар қысқа мерзімде кәсіпкерліктің негіздеріне үйреніп, қажетті ақпараттармен танысады. «Бизнес-кеңесші» тренингінің бүгінгі оқуына қатысуға 40-қа жуық адам тілек білдірген.

«Бизнес-кеңесші» жобасы кәсібін енді бастаймын деген немесе жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған. Бұдан әрі бизнес туралы білімін жетілдірем дегендер «Бизнес-өсу» курсына қатыса алады. Мұндай оқу курстарынан өту сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тәлімгерлерді тарту қағидасы бойынша жобалық оқытуға қатыса алады. Бұл жоба арнайы салалар бойынша оқытылады. Бағдарламаға қатысушылардың тізімін жасауды бастадық. Қызығушылық танытқандар өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтінім берулеріне болады»,-дейді Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Бекжан Асаухан.

Гүлайым Әбиева шағын бизнесін шартты түрде «Супер келіншек» деп атапты. Кәсіпкерлер палатасының мамандары кәсіпкерге өнім атауын патенттеу, оған сертификат алу және тапсырыс берушілермен келісім-шарт жасау жолдарын түсіндірді.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер