astana-view

Тұтынушы разы болу үшін: кәсіпкер нені есте сақтауы тиіс

2018 жылғы 17 Шілде
4809 просмотров

Адамдар күн сайын сауда жасап, қызметті пайдалана отырып, сатып алу-сату мәселесінің бір тарапына айналады, өзіндік мүдде мен құқыққа ие болады. Қызмет көсретуші тұтынушылардың құқығын сақтау заңнама нормаларын бұзуға алып келетінін есте сақтауы керек.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі талдау жасап, оның барысында тұтынушылардың шағымдары жинақталды және қоғамдық тамақтану, бөлшек сауда, қоғамдық көлік, қоғамдық орындардағы фото-видеотүсірілімге қатысты түйткілді мәселелерді анықтады.

 

Тұтынушы қоғамдық тамақтану орындарында (асхана, кафе, мейрамхана) тауар (тағам) туралы ақпаратты сұрауға құқылы ма?

Ақпарат беруге қатысты, Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге  міндетті (ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң, 24-бап, 1-т.).

ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңы 25-бабы 1-тармағында осы ақпаратта тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, азық-түліктің тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ кейбір аурулар мен сырқаттану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен оларды қолдануға болмайтындығы туралы мәліметтері болуы керек деп көрсетілген.

ҚР Кәсіпкерлік кодексі 27-бабы 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті. Тұтынушыға тауар, оның ішінде ұсыналытын тағамның құрамы, оның энергетикалық құндылығы туралы толық апарат бермеу аталған заңнамалық актілердің нормасын бұзу болып саналады.

Тұтынушы кондуктордан жол құжаттарын талап ете ала ма?

Тұтынушы жол жүргені үшін билет талап етуге құқылы. ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңның 18-бабына сәйкес, Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға құқығы бар.

Сауда залдарында фото-видео түсірілім жасауға бола ма, дүкеннің қауіпсіздік қызметі техниканы тартып алуға құқылы ма?

Сауда орталығы, базар мен дүкендерде түсірілім жасауға тыйым салынған жайттар жиілеп кетті. Қауіпсіздік саласының қызметкерлері немесе дүкен қызметкерінің фото-бейне түсірілім жасаған тұтынушыға қатысты  агрессиялы қатынас (түсіру құралдарын алып қою, қорқыту, ғайбаттау, фото, видеоматериалдарды өшіруге ұмтылу) орын алғаны жағдайлар да бар.

Ішкі сауда ережесінде тауар, жұмыс, қызметке қатысты фото-, видеотүсірілім жасауға шектеу қою қарастырылмаған. Сонымен қатар, тұтынушылардың құқығын қорғау заңы 24-бабының 12-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото-, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.

Өз кезегінде тұнышуылардың құқығын қорғауда тауарларлы алу немесе орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет шін төлем жүргізгенін растайтын  куәгерлік түсінік пен құжаттардан басқа, құқық бұзушылықты фото-, видео түсірілім жасау құқығы маңызды құрал болып саналады.

Еске салсақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің жауапкершілігін күшейту мақсатында адамдардың өмірі мен денсаулыңының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұтынушы, бизнес және мемлекет мүддесі арасындағы теңгерімге қолжеткізуге бағытталған  тұтас шаралар жүйесін дайындады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер