astana-view

Ресей Украинадан Қазақстанға жеткізілетін транзиттік тауарлардың тізімін бекітті

2018 жылғы 17 Шілде
4600 просмотров

Қазақстан үкіметі Ресей Федерациясының аумағы арқылы Украинадан Қазақстанға халықаралық транзиттік тауарлардың жеткізілуіне рұқсат алды

Құжатта «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өтініміне байланысты Украина аумағынан Қазақстан аумағына халықаралық транзиттік автокөлік және темір жол тасымалдаумен Ресей Федерациясының аумағы арқылы тауарларды... қосымшаға сәйкес тізім бойынша тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін сақтау арқылы жеткізуге рұқсат беру» – деп жазылған (Ресей Федерациясы Үкіметінің 2018 жыл 10 шілдедегі №1412-р Өкімі).

Өкімге қосымша тіркелген тауар тізімінде негізінен Қазақстан кәсіпорындары пайдаланатын материалдар мен қосалқы бөлшектер, атап айтқанда керамикалық изоляторлар, жабдық пен жылжымалы құрамның қосалқы бөлшектерінен тұрады. Тізімде кедендік баж салығы нөлдік мөлшерлемемен барлығы 28 тауар позияциясы көрсетілген. Осы уақытқа дейін бұл тауарларды Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалдауға тыйым салынып келген.

Отандық компаниялар Ресей аумағы арқылы тасымалдайтын болғандықтан, Украинадан жеткізілетін бірқатар тауарды аз уақытта ала алады.

Еске салсақ, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Украинадан тікелей транзиттік автокөлік және теміржол тасымалына тыйым салған, осыған байланысты Украинадан Қазақстанға Беларусь аумағы арқылы Ресейге өткізіліп, одан кейін ғана елге жеткізіліп келген.

Ресей Федерациясы Президентінің 2016 жылы 1 шілдедегі Жарлығымен «санкциялық» тізімге енген, жеткізілетін кеден бажының нөлдік мөлшерлемесі бар тауарларды автокөлік және темір жол арқылы тасымалдауға уақытша тыйым салынған.

Ресей Федерациясы Президентінің 2016 жылы 1 қаңтардағы №1 Жарлығымен Украинадан Қазақстан мен Қырғызстанға тікелей транзитке салынған тыйым 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер