astana-view

«Бастау»: ауылға арналған бірегей жоба

2018 жылғы 18 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
8621 просмотров

Жобаға қатысқан Уәлиханов ауданының тұрғыны кәсіпкерлікте білімін арттырып, жеке кәсіп ашты

 Гүлжаһан Қажкенова – «Бастау» 2017 жыл түлегі.  Алайда кәсіпкер сол жылы несие ала алмады. Өйткені сол кезең қаз, үйрек өсіру маусымына сәйкес келмеді. Биыл СҚО ӨКП Уәлиханов ауданы бойынша филиалы қолдауымен қажетті құжаттар топтамасын жинап, әйел жеке кәсіп ашуда мемлекеттік қолдауға ие болды.

«Үй жағдайында құсты көбейту мен өсіру табысты әрі тұрақты түсім әкелетн бизнес түрі болмақ. Осы ретте жобаға көп қаражат салудың қажеті жоқ. Жобаны іске асыру үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қорынан» жылдыұ 6% мөлшерлемемен алынған  950 000 теңге жеткілікті. Қазіргі таңда бизенсті қолауда мемлекет тарапынан да, Ұлттық палата тарапынан да қолдау көсретіліп келеді, осыған кәсіпкер ретінде қуанамын. Қазір бір шетінен ШОб дамуына үлес қоссам, екінші жағынан аудан бюджетіне салым салудамын. Бүгінде бос уақытым көп, өйткені үй шаруасымен айланысамын. Осылайша қосмыша жұмысты қолға алуға мүмкіндік бар. Үйде отырып, отбасыға табыс әкелемін. Бастысы кәсібін өзіме ұнайды», – деді «Қажкенова» жеке кәсіпкерлігінің басшысы.

 Айта кетелік, «Бастау» жобасы қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, сонымен қатар ары қарай бизнес-жобаларды әзірлеп сүйемелдеуге бағытталған. Жоба жұмыссыздар, кәсіпкерлк әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл, моноқала, шағын қала азаматтары қатыса алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер