astana-view

«Атамекеннің» мұнай-газ операторларымен өзара байланыс жөніндегі ресми өкілі тағайындалды

2018 жылғы 17 Шілде
- Атырау облысы
10323 просмотров

«Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (NCOC), «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компанияларымен өзара іс-қимыл және мұнай сервисін дамыту бойынша «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми өкілі болып Асылбек Жакиев тағайындалды.

Асылбек Жакиев 1984 жылы 8 мамыр күні Атырау қаласында туған. Әлеуметтік бакалавр мамандығы бойынша КИМЭП университетін тәмамдаған. Тренто (Италия) университеті, Регенсбург университеті (Германия), Корвинус (Венгрия) университетінің «Салыстырмалы жергілікті дамудағы еуропалық бірлескен магистратура» бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алған, сондай-ақ Женева (Швейцврия) Халықаралық қатынастар институтында оқыған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Асылбек Жакиев 2007-2008 жылдар аралығында «AGIP KCO» компаниясында мемлекеттік емес ұйымдар бойынша кеңесші қызметін атқарды. 2008-2010 жылдар аралығында «Каспий ӘКК» ҰК» акционерлік қоғамында жобалық менеджері болады. 2010-2012 жылдар аралығында Атыраужа жеке сектр компанияларында қызмет атқарады, «Қазақстанның өңірлік бәсекеге қабілеттілігі» пилоттық жобасы бойынша ЭЫДҰ-ның өңірлік кеңесшісі болды. Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау Мемлекеттік мұнай мен газ университетіде дәріс берген. 2012-2013 жылдар аралығында «Атамекен» Ұлттық Экономикалық палатасының Атырау облысы бойынша филиалы директоры қызметін атқарған. 2013-2018 жж. Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы болған.

Ұлыбританиядағы жас көшбасышалрға арналған «Джон Смит Траст» бағдарламасы, АҚШ-тың «Кәсіпкерлік және ШОБ дамуы» халықаралық алмасу бағдарламасы,  Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігінің Жапонияда ШОБ-ты алға жылжыту бойынша мемлекеттердің жас көшбасшыларын оқыту бағдарламасының стипендианты, Израильде кәсіпкерлікті дамыту МАШАВ бағдарламасы бойынша тағылымнамадан өткен. Атырау облыстық маслихатының депутаты, «Атырау» ӘКК» ҰК» АҚ тәуелсіз директоры, Атырау мемлекеттік университеті бақылау кеңесінің мүшесі.

 Жаңа лауазым бойынша Асылбек Жакиевке қазақстандық ірі мұнай-газ операторларымен жергілікті қамту мазмұнын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау және мұнай сервистік жобаларын алға жылжыту бойынша ынтымақтастық орнату жауапкершілігі артылып отыр.

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер