astana-view

Палата әлеуеті бизнес дамуына бағытталады

2018 жылғы 24 Шілде
- Ақмола облысы
4719 просмотров

Көкшетау тұрғыны Қайрат Бижкенов 2003 жылы жеке кәсіп ашуды қолға алмақ болады. Болашақ кәсіпкердің таңдауы стамотологиялық емхана ашуға бағытталды.

 Алғашқыда кәсіпті шағын ғана кабинеттен бастауға тура келді. Діттеген мақсатқа жетуді көздеген Қайрат белгілі бір кезең ішінде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Бүгінде «Megadental» емханасы Көкшетаудағы ірі стамотологиялардың біріне айналды.

«Емханамыз бұрыннан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Былтыр ғана кәсіпорынды кеңейттік. Енді клиенттерді ауданы 300 шаршы метрді құрайтын жайлы орынжайда қабылдап отырмыз. Емхана қала орталығында орналасқан. Жетекші еуропалық, оңтүстік кореялық және жапондық компаниялар өндірген заманауи инновациялық жабдықты сатып алдық. Дәрігерлеріміз Қазақстанның, жақын-алыс шетелдің ірі компанияларына барып, үнемі біліктілігін арттырып отырады. Мәселен, жуырда бір дәрігеріміз Кореяға барып келді», – деді Қайрат Бижкенов.

Компания басшысы Қайрат Бижкенов те оқуын шетелде тәмамдаған. «Іскер байланыс» жобаы бойынша біліктілігін арттырып алды. Бизнес кеңейген соң қосымша мәселелер туындады, ал оларды сәтті шешуде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджерлері көмектесті. Бизнесмен бухгалетрлік қызмет көрсетуге жиі жүгінеді, заңгерлік кеңес алады. Стамотологиялық емхананың өскен ауқымын ескере отырып, Палата менеджерлері кәсіпкерге жеке сайт ашуға кеңес беріп, оны өздері құрып берді. Барлық қызметтер тегін көрсетілген.

 «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан жақсы қолдау алып отырмын. Менеджерле сайт ашуға көмектесті, салық құжаттары, заңгерлік сұрақтарды да осы жерден шешіп аламын. Нәтиже жаман емес, енді клиенттер ем алуға онлайн жазыла алады, емхана қызметімен жақынырақ танысып, уақыттарын үнемдейді», – деді кәсіпкер.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер