astana-view

Қазақстанда «АNQ 2018» XVI Азиялық Сапа конгресі өтеді

2018 жылғы 02 Тамыз
4512 просмотров

Биыл Қазақстан сапа және инновациялық менеджменті ұйымы бұл іс-шараны ANQ Азиялық сапа желісі, «Атамекен» ҚР ҰКП және ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шара 19-20 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өтеді.

Конгресс аясында отандық тауар өндірушілері өндірістік үдерісті басқару, өндірісті технологиялық басқару мәселелері, заманауи басқару модельдерін қолданудың практикалық аспектілері, сондай-ақ инновация саласындағы ең үздік әлемдік тәжірибемен танысу туралы ақпарат алады. Іс-шарада Жапония, Англия, Швеция, Непал және Қазақстаннан келген сапа саласындағы халықаралық сарапшылар баяндама жасайды.

 Қазіргі таңда Конгрес жұмысына қатысу үшін 14 мемлекеттен 200-ге жуық маман өтінім берді. Қатысушы үшін мына сауалнаманы толтыру керек.

 Анықтама үшін:

ANQ – Азиялық сапа ұйымы Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан және басқа да бірқатар елдердің сапа саласындағы ұлттық ұйымдардың бастамасы бойынша 2002 жылы құрылған болатын.

 Қазіргі таңда Азиялық сапа ұйымына азиялық 17 мемлекеттің Ұлттық сапа ұйымы мүше. Жоғарыда аталған елдерден басқа, Сингапур, Үндістан, Таиланд, Вьетнам, Ресей, Қазақстан және Тайвань өкілдерінің атқарушы комитеттері белсенді жұмыс істеп отыр.

 

ANQ мақсаттары:

  1. Сапа менджментінің замануи жүйелерін енгізу, өндіріс, қаржы, көлік және коммуникациялар, білім беру, денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді дамыту арқылы өмір сүру сапасын жақсарту.
  2. Сапа менеджменті, бизнесті жетілдіру, бенчмаркинг, инновациялар және басқарудың басқа да қазіргі заманғы тәсілдері саласындағы озық тәжірибені қолдану негізінде сапалы және бәсекеге қабілетті отандық тауарлар мен қызметтерді өндіруді дамыту.
  3.  Ұйымдар мен қоғамда замануи сапа мәдениетін қалыптастыру, озық әдістемелерді қолдану және оларды тәжірибеде қолдану мақсатында жаңа сапа философиясын алға жылжыту.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер