«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

«Бастауды» оқыған азамат жаңақорғандықтарды пластик тереземен қамтамасыз етуде

08 Тамыз 2018 - Қызылорда облысы
486 просмотров

        Жаңақорған ауданының тұрғыны Мұхамедәлі Тұрмановтың пластик терезе өндірісімен айналысқанына 12 жылдан асты. Сол уақыт аралығында өз күшімен кәсібін өрлетіп отырған кәсіпкер енді заман талабына сай өнім шығарып, еңбек өнімділігін арттырғысы келеді. Осылайша Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына барып, кеңес алады, өткен жылы басталған «Бастау» жобасына қатысады. Жобаға қатысу барысынба бухгалтерлік есеп, маркетингтік жоспарлау, салықпен жұмыс секілді кәсіпкерлікпен айналысудың алғышарттарын меңгеріп шығады. «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы арқылы несие алады. Алынған қаражатқа Мұхамедәлі кәсібіне қажетті заттарын сатып алады. Кәсіпкерге бүгінде аудан тұрғындарынан тапсырыс жеткілікті. «Оны дер кезінде орындау да осы несиеге алынған қажетті шикізат пен жүк көлігім айтарлықтай көмек болып тұр»,- дейді кәсіп иесі.  

«Сұраныс көбейіп жатыр. Бірақ тиісті құрал-жабдығымыз жетіспеді, оны алатын қаржымыз болмады. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр дегенді естіп, аудандағы Кәсіпкерлер палатасының филиалынан кеңес алдық. Палата мамандары «Бастау» жобасына қатысуды ұсынып, оқуға жіберді. 1 ай оқып, тұтынушылармен жұмыс жасауды, кәсіптің өзге де қыр-сырына қанық болдым. Одан әрі жобамды Қызылордаға барып, облыстық комиссия алдында қорғап келдім. Жобама сұраған қаржы 4 млн.800 мың теңгені берді. Үкіметке рахмет, бұл қолдау мен үшін айтарлықтай жеңілдік болды», - дейді кәсіпкер Мұхамедәлі Тұрманов.

        Қыс мезгілінде тапсырыс аз болғанымен күн жылына бастағаннан тапсырыс көбейіп, кәсіпкер аптасына екі үйдің терезелерін дайындайды. 3 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер болашақта өндіріс цехын кеңейтуді жоспарлап отыр.

        Айта кету керек, өткен жылы «Бастау» жобасымен 195 жаңақорғандық оқып, білім алды. Олардың 151 облыстық комиссия алдында жобаларын сәтті қорғап, нәтижесінде 115 азаматтың жобасы 278 млн.200 мың теңгеге қаржыландырылды. Ал осы жылы 250 Жаңақорған ауданының азаматын оқыту көзделген болса, бұл азаматтардың 127-сі бүгінде «Бастауды» тәмамдады.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер