astana-view

Эксперт пікірі: Дизельдік отын құнының қымбаттау себептері қандай?

2018 жылғы 09 Тамыз
4397 просмотров

Бүгін «Атамекеннің» алаңында өткізілген журналистерге арналған «таңғы ас» шарасында «Kazenergy» Ассоциациясының Атқарушы директоры Рүстем Қабжанов, сондай-ақ ҚР «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің өкілдері дизельдік отын құнының қымбаттауына байланысты мәселелерді бірлесіп талқылады. Іс-шараға республикалық басылымдар, телеарналар мен ақпарат агенттіктері, аналитикалық порталдардың журналистері қатысты.

Дизельдік отынның бағасының қымбаттауы туралы бұған дейін ОКҚ ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақовтың қатысуымен өткен брифингте көтерілген болатын.

БАҚ өкілдерінің қойған алғашқы сауалына Рүстем Қабжанов: ҚР Дизельдік отын құнының өсуіне ықпал етіп отырған не нәрсе дейтін болсақ, біз мынаны ескеру керекпіз. Қазіргі таңда еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының толықтай модернизациядан өткізілуі сол сияқты  өндірушілер үшін дизельдік отынға арналған ішкі акцизді күшейтуге байланысты ауқымды шығыстар бар дей келе: -Анығын айтқанда, бұл жалпы экономикалық сауал. Экономика- өздеріңізге мәлім, әлемдік талаптарға байланысты өзгеріп отырады. Дизельдік отынға байланысты баға да солай, автожанармай станцияларында көрсетілген баға 1 литріне 185-187-ні ұрып тұр. АШТӨ  дизельдік отынды зауыттан 150 теңгеге сатып алады. Бұған тасымал үшін, мұнай базасында сақтау үшін 5 теңгені қосыңыз, сонымен 161 теңге бір литр үшін шығады. Бұл орташа баға, алайда бөлшек саудада 26-30 теңге айырмашылық бар. Әрине ол аймаққа, операторларға байланысты шаруа екені жасырын емес,-деп түсіндірді.

Қостанай облысының фермерлері баға қымбаттағанда шығын өтелмейтінін айтып БАҚ бетінде дабыл қағуда. Рүстем Қабжанов бұған: «Қазақстан ішкі нарықты 90 пайыз дизельдік отынмен қамтамасыз еткен, 10 пайыз ғана импорт. Дизельдік отын бағасының  қымбаттауы соңғы жылдары жиі көтеріліп келе жатқан тақырып. Және де АШТӨ өтініштері жеке-жеке зерттеліп нақты шешім шығарылуы керек. Барлық сұраныстар осыған дейін жан-жақты қарастырылып келген, ары қарай да солай болмақ. Бір ескеретіні, егер белгілі бір кәсіпкер отынмен қамтылмай қалса, оған бола бүкіл елдегі жағдай солай, деген ұғым қалыптаспауы керек»,-деп жауап берді.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде, сонымен қатар  дизель отынына шығынды азайту мүмкін бе, деген сауалға ҚР «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Жанна Ақышева былай жауап берді: Қазақстандық бидайдың экономикалық тиімділігі жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан да егіннің өнімділігін арттырумен қатар, әртараптандыру бағытына көшу  еліміз үшін маңызды. Ал экономикалық тиімділікті арттыру үшін гектарға шаққандағы кірісті ұлғайту керек. Астық алқаптарын әртараптандыру арқылы егіндікті тиімді пайдалануға болатындығын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Қазір рапс, зығыр, жасымық, ноқат, бұршақ, қытай бұршақ, күнбағыс және жем-шөп дақылдары сияқты дақылдар әлемдік нарықта сұранысқа ие. Біздің фермерлерге қолданыстағы технологияны дәстүрлі емес дақылдар үшін де іске асырса жетіп жатыр. Сонымен қатар Ұлттық Палата жаңа нарықтарды ашу мәселесімен үнемі айналысып келеді. Мәселен, тамыз айының соңында қытай әріптестері арпа мен жүгері сияқты астықты тексеруге келеді. Экспорттаушылар тізіміне кірген фермерлер ауыл шаруашылығы өнімдерін ҚХР аумағында сата алады. Осы ретте айтайын дегенім, майлы дақылдар сыртқы нарықта танымал, егер біз нарық талабын қанағаттандыра алсақ ол тек АШТӨ ғана емес, бүтін елдің экономикалық әлеуетін көтеруге ықпал етері анық. Тағы бір ықпал етуші фактор- ескірген техникамен фермер алысқа бармайды. Себебі қазіргі таңда көптеген шаруашылықтар тозығы жеткен тракторларды пайдаланып отыр. Ал бұл өнімділікті төмендетпесе, алға оздырмайтыны ащы да болса шындық. Сіздер ойлап қараңыздаршы  «Енисей» мен «Нива» комбайндары 1 гектарды өңдеуі үшін 5,5 литр отын жағады, ал «VECTOR» мен «John Deere» бар болғаны -2,6 литр дизельдік отынды жейді.

Аталған департаменттің эксперті Еркін Наурызбеков оңтүстіктегі егін алқаптарын әртараптандырып, жоғары өнімділік беретін бақтарды ұстау тиімділігін тілге тиек етті. Эксперттің айтуынша, 1 гектар бақтан орташа өнімділік 40 тоннадай болғанда 8,0 млн таза пайда табуға болады.

«Атамекен» көрші елдердегі дизель отыны бағасын салыстырып мынадай анықтама беріп отыр, яғни көршілес елдерде, мәселен Ресей -0,69 АҚШ доллары / литр ( бізге қарағанда 43,8 пайызға қымбат), Өзбекстан - 0,59 АҚШ доллары / литр (+ 22,9%), Украина – 1АҚШ доллары/ литр (2 есе қымбат).

 

«Әрине фермер үшін ең тиімді дақыл бидай. Бірақ та гектарынан 10-12 центнер астық жинап, тоқмейілсуге болмайды.  Шаруалардың аралас шаруашылықты игергені экономикалық тұрғыда пайдалы,»-деді Е.Наурызбеков.

Дизель отыны үшін мемлекеттік реттеу шараларын жүзеге асыруға болмай ма, деген журналистер сұрағына Рүстем Қабжанов: -Зауыттар нарықты бағалап, оның талаптарына сай жұмыс атқарады. Дегенмен кім болса да шығынмен жұмыс істегісі келмейді. Осыдан бірнеше жыл бұрын мемлекет реттеу механизмдерін іске қосып көрді, алайда ЖЖМ кейбір түрлерінің тапшылығына ұрындық. Әркім өзінше қор жинауға тырысқанымен ол жасанды дефицитке алып келді. Дефицитке ұрынбас үшін отынды алдымен бір жерден сатып алу керек. Бұл уақыттың еншісіндегі шаруа. ҚР Энергетика министрлігі заң аясында мәселені реттеумен жүргенде халық дефицит пайда болғанын дәлелдеп жатты. Сол кезде біз нарықты еркіне жіберіп тәуекелге бардық. Барлық шектеулерді алып тастағанда баға өсіп кетіп, бірақ көп ұзамай қалпына келді. Сондықтан да біз бағаны нарықтың өзі реттейді деген қорытындыға келдік,-деді.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер