astana-view

Алматыда үздік тауар өндірушілер марапатталды

2018 жылғы 10 Тамыз
6804 просмотров

9-10 тамыз аралығында Алматы қаласында жергілікті 60 компания «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысты.

Қатысушылардың басым көпшілігі – байқауға алғаш рет қатысып отырған жас кәсіпорындар. «Қазақстанның үздік тауары» бизнеске жаңадан араласып жатқан кәсіпорындар үшін мәртебе, жаңа мүмкіндіктер, тез танылудың баспалдағы. Байқаудың кубогы мен дипломы – сапаның сенім ұялататын өзіндік жоғары белгісі.

Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев, «Атамекен» ҚР ҰКП республикалық байқауларды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директор Салтанат Әбдікәрімова, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҚР ҰКП және бизнес қоғамдастық өкілдерінен құралған сараптау комиссиясының шешімімен Алматы қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік-көрме байқауында жеңімпаздардың есімі анықталды:

1. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталамында – «Алматы электрлі механикалық зауыты» ЖШС; «Алматы автотіркемелер зауыты» ЖШС, «Алматы көпір құрылысы зауыты» ЖШС жеңіске жетті.

2.«Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымында – «Семирамида» тігін фирмасы» ЖШС; «Адал Плэнт»ЖШС; «Элтекс Алатау» ЖШС үздік атанды.

 3. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында – «ЭФКО Алматы» ЖШС, «Игеликова Д.М» ЖК; «Қызыл айдаһар» ЖШС топ жарды.

«Бүгін залда үздіктердің үздігі бас қосты. Бұл өнеркәсіптің дарабоздары, Қазақстан бизнесінің элитасы саналатын компаниялар. Сараптау комиссиясының алдында күрделі таңдау тұрды: байқауға қатысып отырған әрбір компания,  менің ойымша, жеңімпаз атануға әбден лайықты. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз әрі республикалық кезеңде жарқын жеңіске ие болуларына тілектеспіз!» - деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер