astana-view

Бизнесмендерге Америкадағы бажсыз сауда бағдарламасы таныстырылады

2018 жылғы 10 Тамыз
2353 просмотров

Америкалық сауда өкілдері GSP бағдарламасы жайлы баяндайды.

14 тамызында Елордаға АҚШ сауда өкілінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Марк Линскотт және АҚШ сауда өкілінің сауда және экономика саясаты жөніндегі көмекшісі Эдвард Грессер келеді

Делегация құрамында Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілігі қызметкерлері және америкалық басқа да экономикалық ұйымдардың өкілдері болады.

Шетелдік делегация сапарының негізгі мақсаты – Қазақстан бизнеснесінің АҚШ нарығының 3500-ден астам тауарларды баж салығынсыз кіргізуді қарастыратын АҚШ бағдарламасына – Артықшылықтардың Бас Жүйесіне (GSP) қатысу мүмкіндігімен танысу. Біздің республика GSP алып отырған 12-мемлекет.

Кездесу өтетін орын: «Зүбәржат орамы» БО, «Түркістан» залы, 26-қабат

Уақыты: 14:00

Кездесуге қатысу үшін сілтеме арқылы тіркеуден өту керек

Қосымша ақпарат үшін: Өмірзақ Айнұр, моб: 8 707 118 80 85 және Дүйсенов Елнар, моб: 8 701 874 99 96.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер