«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Құрылысшыларды кәсіби мерекемен құттықтады

11 Тамыз 2018
605 просмотров

Саланың үздік қызметкерлеріне атаулы медальдар тапсырылды

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мамандықтың үздік өкілдерін екі жыл қатарынан марапаттап келеді.

Биыл «Қазақстанның құрылысшылар одағы» өзінің жеке наградасы – «Еңбегі сіңген құрылысшы» атты атаулы медалін тағайындады. Марапаттарды мейрам қарсаңында өнімді еңбектенген сала өкілдері еншіледі. Наградаларды Одақ пен Ұлттық палата өкілдері табыстады. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өкілдері  – «Құрметті құрылысшы» ведомстволық медальдарын тапсырды (министрлік ҰКП ұсынуымен жыл сайын марапаттайды).

 Айта кетелік, «Қазақстан құрылысшылар одағы» – «Атамекен» жүйесінде өзінің жеке наградасын тағайындаған алғашқы аккредиттелген қауымдастық болып отыр. Бұл бірлестіктің кәсібилігі мен беделдігін, сондай-ақ Палата тарапынан сенімділікті көрсетеді.

 Салтанатты іс-шарада отандық құрылысшылар, сарапшы-жобалаушылардың тыңбай еңбек еткендері арқасында сала қарқынды дамып келетіні жайында айтылды. Ал саладағы қолайлы құқықтық жағдай Құрылысшылар одағы, «Атамекен» және  ҰКП Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі комитеті арасында тығыз байланыс орнатты. Қазіргі таңда Комитет 13 ірі республикалық қауымдастықты, демек мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісін біріктіріп отыр.

Айта кетелік, құрылыс саласы қызметкерлердің күні алғаш рет Кеңес одағы тұсында КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасы Жарлығымен 1956 жылдың 12 тамызында деп бекітілген. Қазақстанда Құрылысшылар күнің тамыз айының екінші жексенбісінде атап өтеді

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер