astana-view

Балалық арманды орындаған «Бизнес-Кеңесші»

2018 жылғы 14 Тамыз
- Атырау облысы
6094 просмотров

Дәурен Садықов «Бизнес-Кеңесші» курсынан кейін алынған арзан несиемен Атырау облысы Құрманғазы ауданында бала кезден армандаған мереке ұйымдастыру агенттігін ашты

Кәсіпкер Дәурен Садықов 2011 жылы бизнес әлеміне қадам басқан. Ол саудамен айналысты. Кейіннен тұрақты жұмысқа орналасып, бизнесті тоқтатуға тура келген. Дегенмен 2015 жылы қайтада жеке кәсіпкерлікті қолға алып, ұялы телефон сататын орын ашты.

«Бала күнімде асаба болғым келетін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үлгерімім жақсы болатын. Туыстарым мен достарыма арнап мерекелік кештерді ұйымдастырған ұнайтын. Алматыдағы өнер академиясында білім алғым келді, отбасымда жалғыз бала блоғандықтан, ата-анам алысқа жібергісі келмеді. Осылайша Атырауда қаржыгер мамандығында оқыдым. Дегенмен бала кездегі арманым орындалды. «Бизнес-Кеңесші» курсынан өтіп, 2 млн теңге жеңілдетілген несие алдым. Осылайша, мереке ұйымдастыратын агенттік аштым», – дейді кәсіпкер.

Агенттікті ашқан кезде Дәуреннің қолында бар болғаны Украинадан алған Тедди қонжықтың костюмі еді, ал бүгінде клиенттеріне фото, видео-түсірілім, аниматор, жүргізуші, мереке ұйымдастырушы, неке қию секілді қызметтерді ұсына алады. Агенттікті аша отырып, ауылдағы жұмыссыз азаматтардың арасынан 7 адамды жұмысқа алған.

«Қазір өзіме ұнайтын іспен айналысатыныма қуаныштымын. Болашаққа жоспарым көп. Енді «Бастау» арқылы білім жетіліргім келеді. Уақыт тапсам, міндетті түрде оқимын. Бұгінде кәсіпкерлікті қолдайтын бағдарламалар аз емес, жастар мемлекет беріп отырған осы мүмкіндікті пайдалана алуымыз керек», – дейді Дәурен Садықов.

Биыл кәсіпкер балаларға арнап 20 орындық ойын залын ашты. Сонымен қатар ауыл тұрғындары жаңа кинозалдан 3Д форматта кино көруге мүмкіндік алды. Ол да кәсіпкер жұмысының бір бағыты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер