astana-view

«Ellin Shoes» – өңірде аяқ-киім шығаратын үздік компания

2018 жылғы 17 Тамыз
- Жамбыл облысы
4717 просмотров

Отандық былғары аяқ-киім компанияларының өнімдері қаншалықты сұранысқа ие? Тұтынушылардың талғамына сай ма? Осы және өзге де сауалдарға «Қазақстанның үздік тауары -2018» өңірлік көрме-байқауы – бәсекелік алаңының жеңімпаздары «Ellin Shoes» ЖШС жауап берді. Қазақстандық нарыққа тәй-тәй басқан компанияның дайын өнімдері сапасы мен қолдану технологиясы жағынан озық екендерін дәлелдеп келеді.

Үш жыл бойы Қазақстандық нарықты зерттеп, заманға сай, сұранысқа ие аяқ-киім өнімдерін бақылаған Грециялық азамат Скумприс Переклис 2016 жылы облыс орталығынан өз ісін ашады. Құрылтайшы қажетті шикізаттың барлығын Грециядан алдыртады. Компания толықтай грек пен италияндық құрылғылармен жабдықталған. Шет елдік азамат бүгінде 15-20 жылдық тәжірибесі бар кәсіби мамандарды жұмыспен қамтып отыр.

Компанияның технологы әрі директоры Юлия Починок та «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС-де тәжірибе алмасқан. Технолог маманның айтуынша, «Тараз былғары аяқ киім» мекемесі шикізаттан бастап, дайын өнімге дейін әзірлейді. Ал, жеке дара бизнес құрып, аяқ-киім тігуде «шикізаттың» тапшылығы сезілетінін біз білдік – дейді. Дегенмен де, тәуекелге бел буып, өмірге Грецияның жүрегі саналатын «Ellin» компаниясы келді. Компанияның құрылтайшысы бұл салада озық тәжірибе жинақтаған.

Аяқ-киім өндірісі Грек азаматы үшін бейтаныс дүние емес, керісінше, ата-кәсіпті жалғастыру екен. Скумприс Переклис Грецияда да аяқ-киім өндірісімен айналысады. Әкесі Димитриос Скумприсқа тиесілі жарты ғасырлық тарихы бар «PYRGOS Shoes» компаниясы Еуропалық стандартқа сай тігілетін аяқ киімдерді тігумен айналысады екен. Ондағы кез келген тұрғын талғамына қарай тапсырыс беріп, екі күнде ойындағы аяқ киімге ие болады.

Енді, мұндай мүмкіндік Тараз тұрғындары үшін де қолжетімді. «Ellin Shoes» ЖШС тұтынушылардың аяқ мүсініне, табан ерекшеліктеріне қарай тапсырыстар қабылдайды.

Жаңа компанияның аяқ-алысы жаман емес, өткен жылы айына 2 мың дана аяқ-ңиім шығаруға қауқарлы болса, биыл 3 мың дана тігіп шығару мүмкіндіктері бар. Компания құрылтайшысы Скумприс Переклис шикізаттың басым бөлігі Греция елінен алып келеді. Компанияның дайын өнімі бүгінде еліміздің 70-ке жуық сауда үйлерінде «Қазақстанда жасалған» бренд атауымен көрнекті сөрелерде орын тепкен.

«Ellin Shoes» ЖШС Тараз қаласындағы Саңырақ батыр көшесінде орналасқан. Екі қабатты ғимараттың үстінде аяқ-киімдерді тігу цехы, ал бірінші қабатында дайын өнімді саудалайтын дүкен орналасқан. Қаладағы екінші дүкен Абай көшесінде орналасқан.

Өкінішке орай, компания басшылығы біздің елде әлі «өзгенікін таңсық, өзінікін қаңсық» көретіндер бар екенін жасырмады.


"Шет елдің азаматы болсам да, Қазақстанның өнім шығарып,  Жамбыл облысының жеңіл өнеркәсібін дамытуға өз үлесімді қосып жатқаныма қуаныштымын. Қазақстанның қалаларын аралау, нарықты бақылау кезінде, шын мәнінде компания өніміне сенімсіздіктен қарағандар болды,  алайда, уақыт өте тұтынушылардың сенімін ақтап келеміз", - деді кәсіпкер.

 

Компания қазірде 100-ден ерлер аяқ киімінің түрін шығарады. Жоспарда әйелдер мен балалар аяқ-киімдерін тігу бар. Дизаиндарды  толықтай Грек елінің модельері ойлап табады. Таза былғарыдан тігілетін ерлер аяқ киімі 14-20 мың теңгенің арасы, ал бұғы терісі, таза құндыздан жасалынатын етіктер 13-25 мыңның шамасында. Ұлтарақты Италия, Германиядан арнайы тапсырыспен алатын кәсіпорын, аяқ киімнің бауын көршілес Түркиядан тасымалдайды. Еуропалық сапада жұмыс істеп тұрған компания  өніміне еліміздің Солтүстік өңірлерінен тапсырыс көп түседі екен.

 

Тігін компаниясы өткен жылы алғаш рет  «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қонақ ретінде қатысып, биылғы байқауға білек сынаба дайындалып, жеңімпаз компаниялардың қатарынан табыла білді.

«Сапалы, дұрыс аяқ-киім таңдау- денсаулық кепілі». Әлемде 98 %-дан астам  бала сау табанмен туады, ал үлкен буынның тек 40 %-ы ғана  табандарын сау сақтайды екен. Көбіне бұл аяқ-киімді дұрыс таңдамағандықтан, деген компания басшысы жақын келешекте әр тараздықтың аяғынан «Жамбылда жасалған» – «Ellin Shoes» өнімін көретініне сенімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер