astana-view

Алматы – Ляньюньган: кәсіпкерлер арасында іскерлік байланыс орнатылды

2018 жылғы 22 Тамыз
- Алматы қаласы
6589 просмотров

Қытай мемлекетінің Ляньюньган қаласынынан құрылыс, инвестициялар, көлік логистика салаларында жұмыс істейтін ірі компаниялар мен мемлекеттік құрылымдар жергілікті кәсіпкерлермен байланыс орнату үшін Алматыға келді. Сапар мақсаты – «Бір белбеу – бір жол» бағыты бойында жатқан мемлекеттермен әріптестік қатынас орнату.

 «Қытайдың шығыс жағындағы гаван аудан ретінде Ляньюньган шығысқа бет бұруда үлкен мәнге ие. Қала өңірдің сауда-логистикалық, туристік және қаржылық орталығы болып табылады. Ляньюньган – бұл халықаралық дәрежедегі терең порт, үздік порттық орналасу, ірі логистикалық база. Бұған қоса қала әдемі тау бөктері мен теңіз көріністерімен танымал, осының негізінде мұнда туристік әрі медициналық бизнесті дамытуға болады», – деді таныстылым кезінде қалалық құрылыс салу коропрациясының директоры Вань Баопин.  

Қазақстан мен ҚХР арасында өзара тиімді ынтымақтастықты орнату қажеттілігін Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тлеумұратов ерекше атап өтті.

 «Соңғы онжылдықтарда Қытай ойластырылған экномикалық саясат, индустрияландыру, кәсіпкерлік бастаманы қолдау, тиімді салық салу, экспортқа бағдарлануға негізделген экономикалық өсудің тамаша көрсеткіштерін байқатты.  Мұның бәрі жақсы нәтиже әкелді. Қазақстан мен Қытайдың экономикалық байланысы қарқынды, өзара тиімді, өнеркәсіптік және қаржылық дамудың жаңа деңгейіне шықты. Қазақстан мен Қытай басшылары  Жібек жолы экономикалық белбеуі мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат аясында ынтымақтастық бойынша келісімге қол жеткізді. Бүгінде ҚХР Қазақстанның сауда-серіктестері арасында бірінші тұрған мемлекет. Ал мұндай кездесуді Алматыда өткізу қуантарлық жағдай, өтйкені Алматының инвестициялық әлеуеті жоғары», – деді Юрий Тлеумұратов.

Ляньюньганде іскерлік байланыстың негізі бар, онда ауданы 220 мың шаршы метрді құрайтын Қазақстан-Қытай логистикалық базасы салынып, 1763 контейнер орналасқан.  Базаның максималды жүктелуі жылына 410 мың контейнерді құрайды. База халықаралық тасымалдау, тауарды тиеу-түсіру, қоймада сақтауға арналған.

Қазіргі таңда Қазақстан Азия мен Еуропаға арналған толыққанды транзит дәлізіне айналған. Қысқа мерзімде негізгі халықаралық дәліздерде стратегиялық маңызы бар көліктік-логистикалық инфрақұрылым объектілері салынды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы Қытайдың шығыс жағалауы – Ляньюньганнан бастап, Қазақстан мен  Қытай шекарасындағы құрғақ порт, ары қарай темір жол мен авто көлік магистральдары жүйесі бойынша Каспий арқылы Түркия мен Еуропаға қарай логистикалық тізбекті қамтамасыз етті.  Қазақстан мен Қытай шекарасында арнайы экономикалық аймақ «Қорғас – шығыс қақпасы» көліктік-логистикалық сауда хабы құрылған.


 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер