astana-view

Бизнесмендер экспортқа қатысты вебинарларға тегін қатыса алады

2018 жылғы 27 Тамыз
4303 просмотров

Қазақстандық тауар өндірушілер мен іскерлік қауымдастықтар өкілдері енді отандық өнім экспортының мүмкіндігі жайында көбірек біле алатын болады.

5 қыркүйектен бастап бизнесмендерді қызықтыратын сұрақтар бойынша онлайн семинарлар өз жұмысын бастайды.

 Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық өнімдерді мақсатты нарықтарға (Қытай, Иран, Еуропалық одақ, ЕАЭО мемлекеттері, Таяу Шығыс елдері) экспорттауда сыртқы экономикалық қызметті реттеу бойынша оқыту вебинарлар (онлайн-семинарлар) легін өткізу туралы хабарлайды. Бір вебинардың ұзақтығы – бір жарым сағат.

 Вебинарға қатысу тегін, тыңдаушылар саны шектеусіз!

 Оқу аяқталған соң сертификаттар беріледі.

 Вебинарға қатысуға тіркелу көрсетілген формаға сәйкес өтінімді толтырып, мына мекенжайға жіберу керек.

 Басқа сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуды сұраймыз: + 7 (7172) 279−055 (ішкі: 211)

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер