astana-view

Шығыс Қазақстандағы 227 мектеп отандық жиһазбен қамтылды

2018 жылғы 12 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
4680 просмотров

Биыл басталған «Менің мектебім» мемлекеттік бағдарламасы аясында отандық тауар өндірушілер облыстың орта мектептерінде 425 модификациялық кабинетті жиһазбен жабдықтады.   

Заманауи келбетке 38 физика кабинеті, 37 химия, 78 – биология және 272 робототехника кабинеті енді. Бұған жалпы сомасы 429 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Бұл жұмысқа   «ДСП-Центр Усть-Каменогорск» ЖШС, «Терра-Вита» ЖШС, «Куречин С.А.» жеке кәсіпкерлігі, «Дизайн-мебель» жеке кәсіпкерлігі субмердігерлік ұйымдармен кооперация құру шарты негізінде облыстың 277 мектебіне жиһаз әзірледі.

 «Облыстың барлық дерлік мектебінде біз өндірген өнім: парталар, шкафтар, мұғалім үстелдері қойылды. Мәселен, физика кабинетінде композитті материалдар, сапалы, мықты үстел қабаттары қойылды. Сондай-ақ химия кабиентінде де арнайы сынақтар жасауға арналған ойықтармен үстелдер жасалды. Жиһазға арналған шикізат экологиялық таза компонеттерден жасалған», – деді «ДСП-Центр Усть-Каменогорск» ЖШС директоры Сергей Сундиков.

«Терра-Вита»  ЖШС химия кабинеттеріне арнап химиялық сынақтар жүргізуге арналған иістерді тартып алатын құрлығысы бар шкафтарды әрі сілтілер мен қышқылдарды сақтайтын шкаытарды әзірледі.  

 Келешкте жергілікті жерде жасалған жиһазбен білім беру және денсаулық сақтау саласының жаңа нысандарын қамту жоспарланған. Жаңа құрылыстар аяқталуға жақын. Бұл Семейдегі «Абай-Арена» мәдени-спорт  кешені, Өскемен қаласындағы 200 орындық балалар ауруханасы, Ахмирово ауылында 1000 орындық мектеп, Өскеменнің 19 ықшам ауданында 1000 орындық мектеп құрылыстары.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер