astana-view

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жаңа балабақша ашылды

2018 жылғы 18 Қыркүйек
- Ақмола облысы
7629 просмотров

 Ерейментау ауданы Торғау ауылдық округі тұрғындарында қуанышты жағдай. Аудан мерейтойына орай мұнда «Әмина» атаулы жаңа балабақша ашылды.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесін ашудың басы былай болды. Торғай ауылдық округінде балабақша болмаған. Ауыл басшылығы бос тұрған нысанға көздері түседі, кеңес одағы кезінде мұнда мұғалімдерге арналған жатақхана болған. 2000 жылдар басында оны арзанға сатып жіберген. Алайда ескі ғимарат осы жалдарға дейін пайдасыз тұрды. 2017 жылы оны кәсіпкер Ерханат Мизанбай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында балабақша салу мақсатында сатып алады. Айта кетелік, кәсіпкер осыған дейін мектепке дейінгі білім беру мекемсін ашқысы келеді, алайда қажетті нысан болмайды. Сол жылы Ерханат Мизанбай балабақша салды. Ал құжаттарды рәсімдеу уақытында кәсіпкерге Ақмола облысы ӨКП Ерейментай бойынша филиалының сарапшылары қолдау көрсеткен.

«Біз құрылтайшылық құжаттарын жинау, мемлекеттік мекемелерден балабақшаны пайдалану үшін рұқсат алу жұмыстарын жүргіздік. Бұған қоса, палата сарапшылары бизнес-жоспар жасады. Ары қарай осы жобаны сүемелдейтін боламыз», – деді ӨКП Ерейментау филиалының директоры Серікбай Көшкінбаев.

Бүгінде балабақша қарауында 55 бала бар. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде тәрбие берумен жеті педагог айналысады. Айта кетелік, Ерханат Мизанбай бұл салада білікті. Осыған дейін астанада салынған балабақша сәтті жұмыс істеп тұр. Кәсіпкер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларына қатысуға ниетті.

 «Ерейментау ауданын қарап шығуды жоспарлап отырмын. Егер бос тұрған нысандар болса, онда қосымша мектепке дейінгі білім беру мекемелерін ашуға болады. Біз жаңадан ашқан балабақша жанында бос тұрған нысан бар. Онда бастауыш сыныптардың мектебін ашпақ ойым бар», – деді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер