astana-view

Отандық тауар өндірушілерді экспорт мәселелері бойынша семинарларға қатысуға шақырады

2018 жылғы 24 Қыркүйек
6831 просмотров

Экспорттаушыларды сервистік қолдау шеңберінде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы жұмыс істеп тұрған отандық кәсіпорындар қызметкерлері мен әлеуетті экспорттаушыларды 5 күндік семинар-тренингке шақырады (бағдарлама қоса берілген).

Тренингтерді өткізу күні мен орны:

01-05 қазан – Алматы қаласы (Алматы Менеджмент Университет, Розыбакиев к., 227 үй, «AlmaU Conference Hall» конференц-залы, 6-қабат, №А600 кабинеті;

08-12 қазан – Астана қ., «Зүбәржат орамы» бизнес орталығы, Қонаев к.,8, «Атамекен» конференц-залы, 2-қабат. Күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, үзілісте кофе-брейк қарастырылған.

Оқу тренингтеріне қатысу – тегін. Тренинг аяқталған соң сертификат беріледі.

Оқуға өңірдегі отандық тауар өндірушілер қатыса алады. Семинар-тренингке қатысу үшін берілген формаға сәйкес өтінімді толтырып мына мекенжайларға жіберу керек:

Алматы қаласы бойынша семинарға қатысу үшін – a.eraliyeva@atameken.kz

Астана қаласы бойынша семинарға қатысу үшін – n.sukurov@atameken kz

 

 ӨТІНІМ ФОРМАСЫ

АСТАНА бойынша семинар БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ бойынша семинар БАҒДАРЛАМАСЫ

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер