astana-view

Оқу орталығы білікті тігіншілерді дайындайды

2018 жылғы 25 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
5075 просмотров

Ақтөбеде «Bes Otau» ЖШС жанындағы Оқу орталығының алғашқы түлектері сертификаттарын алды. Үш ай бойы оқыған тыңдаушылар осыған дейін жұмыссыздар қатарында болды, енді біліктілік артттырып, қаладағы түрлі ательелерге жұмысқа тұрды.

Қазір білім беру жүйесі, мемлекет және бизнестің мүддесі түйісетін түрлі бағыттар бар. Білікті әрі кәсіби мамандарды дайындау – осы бағыттардың негізгісі. Ақтөбе облысы кісіпкерлер палатасы жанынан құрылған Дизайнерлер мен тігіншілер қауымдастығы кәсіби тігіншілердің тапшылығын бірнеше рет көтерген болатын.

 Жыл басында ателье иелері мәселені шешуді өз қолдарына алады.  Нәтижесінде бизнес ханымдар – Венера Ибатова («Венера» ательесі),  Нұрия Исмаилова («На Заречном» ательесі), Клара Сарманова ( «Зарина ательесі) бастамасымен «Bes Otau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанынан оқу орталығы құрылды. Бұл идеяны Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сарапшылары  қолдады. ӨКП Адми капиталды дамыту бөлімі кеңес беріп, қажетті құжат жинауға көмектесті.

 «Естеріңізде болса, 2017 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында кәсіпорындар өздеріне қажетті қызметкерлерді дайындап алуға мүмкіндік алды. Кәсіпорындар жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздарды оқытады, осы жұмысқа кететін шығындар мемлекет тарапынан толық өтеледі. 2018 жылдың маусым айында «Bes Otau» ЖШС-ның оқу орталығы ҰКП Оқу орталықтары Тізіліміне өтті. Қауымдастықтар, оқу орталықтар тыңдаушыларға жай ғана оқыды деген қағаз беруді емес, шын мәнінде білікті мамандарды дайындап шығуға мүдделі екені байқалып тұр», – деді ӨКП  сарапшысы Азамат Бұрымбаев.

 Бірінші лекте оқу орталығында 14 адам оқып шықты. Олардың барлығы «Пішуші-тігінші» базалық курсын өткені туралы сертификат алды. Барлығына 3 разраяд біліктілік берілді. Сертификатты алу рәсіміне әр түлек өзі тіккен киім үлгісін киіп келді. Демек, өз өнерін көпшілік назарына ұсынды.

«Оқу орталығына көп жылдық тәжірибесі бар білікті оқытушыны тарттық. Практика Қауымдастыққа мүше ателье базасында өтті. Тыңдаушылар белдемше, көйлекті пішіп, тігіп үйренді. Қазір түлектің әрқайсысы жеңіл бұйымдарды пішіп, тіге алады. Әйелдер балаларына киім тігіп жатыр. Осындай әдіспен маман дайындап жатқанымызға қуаныштымыз», – деді Оқу орталығының директоры Венера Батова.

 Түлектер жұмысқа орналасып кеткені жақсы нәтиже. Түлектердің тағы бір бөлігі жеке кәсіп ашпақ. Ал кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпаратты ӨКП мен Жұмыспен қамту мамандары түсіндіріп кетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер